АҚШ ғалымдары тұңғыш рет адам миын өсіріп шығарды
АҚШ ғалымдары тұңғыш рет адам миын өсіріп шығарды
9 жыл бұрын 2776 www.infoniac.ru

Baq.kz ақпарат көзінің Би-би-си қызметіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, АҚШ ғалымдары тұңғыш рет зертхана жағдайында адам миын өсіріп шығарды.

Тері жасушасынан өсіп шыққан өскіннің көлемі бұршақ дәнінен үлкендеу. Атқарымдық қызметі мен құрылысы бес апталық адам ұрығымен сәйкес. Органоидтың артқы шегінен жұлын мен көз өсуі керек.
Ғалымдардың сөзінше, жасанды ми сана-сезімнен жұрдай, алайда Альцгеймер ауруымен күресте жаңа қадамдарға жол ашуы мүмкін деп есептейді.
«Біз көптен бері аталмыш мәселенің түйткілін табу жолында жұмыс істеп келеміз. Мимен байланысты алаңдатып жүрген дерт көптен алаңдатып келеді. Мидың жаңа моделі медицинаға жаңалық әкелуі тиіс» деп атап өтті Огайо университетіндегі зерттеу тобының басшысы Рене Ананд.

 

0 пікір
Мұрағат