"Бұл жұртты оятқысы келгеннің басы кесіледі екен..."
"Бұл жұртты оятқысы келгеннің басы кесіледі екен..."
3 жыл бұрын 8206

ХХ ғасырда өмір сүрген Иран және Әзірбайжан елінің атақты ақын-жазушысы, Иранның ең ұлы лириктерінің бірі Мұхаммед Хусейн Шахрияр (1906-1988 ж) мынадай тәмсіл айтады: 

"Ауылда бір əтеш бар еді. Əр күні таң сəріде шақыратын. Күннің бірінде үні естілмеді. Содан иесінен:

- Əтештің неге даусы шықпай қалған? - деп сұрадым.

- Жұрт: "таң атпай ұйқымыздан оятып, ұйқы бермеді" деп шағымдана бергеннен соң басын шауып тастадым - деді иесі...

Сол күні ұқтым – бұл жұртты оятқысы келгеннің басы кесіледі екен".

  (Түрік тілінен аударылды).

1 пікір
  • ӘТЕШ

    Атымен сөзді бастап Жаратқанның,
    Айтайын мен бір мысал, қарақтарым.
    Бар еді ауылымызда "пысық" Әтеш.
    Шақырып білдіретін таң атқанын.

    Әлгі Әтеш еш жалқаулық танытпайды,
    Мезгілді күнге қарап анықтайды.
    Әйтеубір қысы-жазы таң алдында,
    "Тұр- тұрлап..." шақырудан жалықпайды.

    Таң алды Әтеш "жұмысқа" асығады,
    Дауысын алты қырдан асырады.
    Астында алты көрпе жатсаңдағы,
    Ұйқыңды ұйып қалған қашырады.

    ...Ал бірде шақырмады айдан артық,
    Ол неден болды екен деп ойға қалдық?!
    Әтештің даусы неге шықайды деп?!
    Ақырын иесіне сұрау салдық.

    Ол айтты: - Жұрт сөзінен аспадым - деп,
    - Шағымдана берген соң қоштадым - деп.
    Халыққа ұйқы бермей қойғанан соң,
    Әтештің басын шауып тастадым - деп.

    ...Әтеш жоқ енді "айқай" салатұғын,
    Ұйқысы елдің болды қанатұғын.
    ...Бұл жұртты оятқысы келгендердің,
    Сол күні ұқтым басын шабатынын.

    Әзірбайжандық ақыны Мұхаммед Хусейн Шахриярдан аударған Бақытбек Бекмұратұлы
    3 жыл бұрын