«Жаратушы Хақтың істеріне ақыл көзімен қараған адам, Оның әрбір үкімінен әділдік заңын көреді. Әрі әрбір істің қайтарымы (сауабы мен жазасы) өз иесін бағып, аңдып тұрғанына куә болады. Ол қайтарым мейлі біршама уақыттан кейін келсе де, анық келеді. Ендеше, күнәға бой алдырған пенде Раббымның кеңшілігіне мастанып, алданбасын. Себебі, жазаның кешігуі – оның мүлдем болмауы деген сөз емес».
«Иләһи ұлы жаза әзірленген ең сорақы күнәлардың бірі – адамның өзі істеп жүрген күнәсінен тыйылмай, табанды түрде қайталай беруі. Сөйте тұра, құр тілімен истиғфар (кешірім) айтып, намаз оқып, құлшылық қылғансып, Жаратушымен «мәмілеге» келгісі (жағынғысы) келеді. Ондай пенде өз ішінде: "Осы жасаған құлшылығым күнәмді жуып-шаяды, бұл маған пайда береді", – деп есептейді». (Құдай бәрібір кешіреді деп күнә істей берген дұрыс емес).
«Жаратылыстың ішіндегі ең сорлы, ең қатты алданған жан – Алла Тағала жек көретін істерді істей тұра, Одан өзі жақсы көретін нәрселерді (жәннатты, игілікті) дәметкен адам. Ардақты пайғамбарымыздан жеткен хадисте айтылғандай: "Сорлы (әлсіз) адам – өз нәпсісінің жетегінде кетіп, тақуалықтан мақұрым қалса да, Алладан құр қиялмен үміт үзбей, құрғақ үмітпен өмір сүрген жан"». [1]
[1]Термизи (٢٤٥٩), Ибн Мәжә (٤٢٦٠) және Ахмад (٤/١٢٤) Шәддәд ибн Әус тәрізді сахабалардан жеткізген. Хадистің басы: "Ақылды адам – өз нәпсісін есепке алып, өлімнен кейінгі өмірге азық жинаған жан..." деп басталады (Имәмдар бұл хадистің тізбегін «әлсіз» деп бағалаған, бірақ мағынасы шариғат негіздеріне сай әрі дұрыс).