Ұмытшақтық неден болады?
Ұмытшақтық неден болады?
9 жыл бұрын 15900
Алдаберген Үсен

Әдетте, адамдар арасында өткен-кеткен жайттарды әңгімелегенде «Есіңде ме?» деп, оның жадысына сұрау салатыны белгілі. Ондайда тыңдаушысы «Иә, есімде» яки «Не еді?» деп барып ол жайтты есіне түсіреді. Немесе кейде маңызды жайттарды «Ұмытпа, иә?» деп нықтап та жатамыз. Иә, баршаға ортақ мәселенің бірі – есте сақтай білу. Әңгіме сол жайында. Осы тақырыпта ойға мынандай сұрақ оралады: Мәліметтер миға қалай сақталады өзі? Қалай жылдам әрі тез үйренуге болады? Үйренгендерімізді ұмытпаудың әрі оңай еске түсірудің жолдары бар ма? Ұмытқан күннің өзінде мәліметтердің мидан өшіп кетпеуі нені білдіреді? 

Бастан өткен оқиғалардың өткен өмірмен байланысын саналы түрде сақтау күші ретінде сипатталатын есте сақтау – ми қызметтерінің бірі болып табылады. Сырттан әрі іштен келетін сигналдардың жадыланып, жұмыс істеуінде әрі еске түсіруінде мидың бір бөлігі ғана емес барлығы толықтай міндет атқарады. Есте сақтаудың қалыптасуында рөл ойнайтын сигналдар жалпы алғанда бес сезім мүшесімен қабыл алғандарымыз. Саусағымыздың күюі, көрген немесе бастан өткен ауыр автокөлік апаты, естіген мақтау сөздер бұған мысал бола алады. Іштен келген сигналдар болса, жүйке жүйесі қиял мен ой әлемімізбен қатысты болғандар. Мәселен, жүрегі қысылған адамның кеуде ауруы, қайғысы, суық тер, құрған қиялы есте сақталады. Бұлар есте сақталады немесе есте сақталмайды. Әсілі ештеңе де біржолата өшіп кетпейді, тек есте сақтай алмай немесе ұмыту бар. Ұмыту адамның геніне сіңген, адамдардың сүрген өміріне қарай пішіні өзгеретін жағдай. Ұмытуда жас пен жыныс, күйзеліс, дағды мен аурулар өз деңгейінде әсер етеді. Есте сақтау үш категорияда қолға алынады.

 

Аз уақытқа есте сақтау

Ол бірнеше секунд немесе минут бұрын білгендеріміздің жадылануы және есте ұстауы. Аз уақыттық есте сақтауда мидың алдыңғы (prefrontal) бөлігі өтпелі есте сақтау орны болып табылады. Бұл жерге келген сигналдар бірнеше секунд жадыда ұсталып, кейін кері қарай итеріледі. Білу үшін аз уақыт жұмсап, немесе маңыз берместен оқыған бір тақырыпты түсінсек те тез ұмытамыз. Отырған орындықтың немесе алдымыздағы қабырғаның түсін, заттардың белгілерін, тыныстаған ауаны, жүрегіміздің қағысын жеке сақтап, бұларды үнемі есте ұстасақ, өмір сүру қиындар еді. Миымызға белгілі бір сәтте жеткен сигналдар қажетімізге және маңызына қарай таңдалып, сұрыпталып, олардың сипаты мен мөлшеріне қарай жадыда шектеулер болады.
Аз уақыттық жадыда нықтау болмайды. Сигнал алғаннан кейін секундтар мен минуттардан кейін бұлар қажетімізге әрі біз үшін маңызына қарай мәлімет ретінде кері шақырылады, адамға аса маңызсыз болса, секунд пен минуттардан кейін ұмытылады. Айталық, көшеде, өзімізге қатты ұнайтын ала алмай жүрген бір көлікті көрсек, оны нық жадыға сақтап, ұмытпаймыз. Бірақ сол көліктің біз үшін тартымдылығы болмаса, көрсек те аз уақытта ұмытамыз. Аз уақыттық жады категориясына жататын мәліметтердің бәрі мидың алдыңғы бөлігінде процеске түседі. Бұлардың арасында маңызды болғандары мидың hipokampus бөлігінде нықталып, орта немесе ұзақ мерзімді жады ұяшықтарының біріне сақталады.

 

Орта және ұзақ мерзімді есте сақтау

Миға баратын сигналдар төменгі бөліктерде өтетін процестерден кейін сақталады. Сигналдар төтенше және мағыналы болуына, эмоциялық маңызына қарай орта және ұзақ мерзімді жадыға сақталады. Қайғы, қуаныш, үрей секілді жағдайлар жадыны күшейтеді. Айталық, жүрек ұстамасында болған қиындықтар, денеге із салған жарақаттар, күтпеген жерден естілген ауыр сөздер мен өткінші қиындықтар, жақсы бір кісінің үйге қонақ болғаны еске түседі. Бір нәрсе аса қиындықпен үйренілсе, эмоциялық тартымдылығы болмаса, оның есте нық қалуы қиын. Аз уақыттық жадының ұзақ уақытқа айналуы үшін нықтау шарт. Білген нәрселер сергек әрі тың мида анағұрлым нықтала түседі. Мәліметтер орнықты жадыда жиналып, жылдардан кейін кері шақыра алады. Бес сезім мүшесіне қатысты ұзақ мерзімді жадыға сақталады. Жаңа мәліметтер келгенде, ескі мәліметтер де шақырылады әрі бұлардың бір бірімен байланысы құрылып, жаңа мотивтер қалыптастырылып, сақталады (орнықты жады жасалады).

Ескі мәліметтердің сақталуында RNA-ның рөл ойнайтыны айтылуда. Сигналдар жадыға сақталғанда, бар жүйке клеткаларына ескерту келеді. Көп кітап оқу, жаттау, түрлі қуанышты іс шаралар атқару, жады әлсіз болса да орнықты жадыға ие болады. Жазылған барлық нәрсе маңызына қарай ұмытылуы мүмкін, бірақ жоғалып кетпейді.

 

Ұмытшақтық

Ұмытшақтықтың себептерінің арасында жастың маңызы зор. Кәрі кісілердің көбінде ұмытшақтық кездеседі. Бұл жағдайға алжу да (senil demans) делінеді. Күйзеліс, екі іспен немесе керексіз істермен айналысу, мәлімет кірлеуі секілді факторлар аз мерзімді жадыны тұмшалап, ұмытшақ етеді. Ұмытшақтықтың болмауы үшін аз мерзімді жадыны керексіз нәрселермен, хараммен былғамау керек. Кері жағдайда аз мерзімді жадының қолданылуымен нейрондар құрып, жадының жоғалуына әкеледі. Саналық әрі сол себепті жадыны харамдармен айналысу тестостерон гормонының көбірек бөлінуіне, бұл өз кезегінде көбірек өлімге, нәтижеде ұмытшақтыққа себеп болуда. Жасқа қатысты ұмытшақтыққа ұрынбау үшін мына жайттарға көңіл бөлген жөн: a) пайдалы еңбектер оқу; ә) шеттілі сөздерін, әсіресе Құран аяттарын жаттап, түсіну; б) халыққа пайдалы болу мақсатында іс-шараларға қатысу; в) ұйқы мен тамақтану ретіне маңыз беру.

Жүйке клеткаларының құруы B3 пен B12 витамині жетіспеушілігі, ми қанауы, жадыға қатысты тамырдың бітелуі ұмытшақтыққа жол ашады. Alzheimer ауруында жақын жадының құруы байқалады. Адам келген кісілердің аттарын, күнделікті оқиғаларды, дәрігердің ұсыныстарын дереу ұмытады. Бұдан бөлек, tiroid жетіспеушілігі, Parkinson, hidrosefali, шизофрения, эпилепсия секілді аурулар да ұмытшақтыққа жол ашады.  
Әбу Хұрайрадан (р.а.) ұмыту мәселесіне қатысты бір оқиға жеткен: «Мен бір күні Пайғамбарымызға барып: «Уа, расулалла, сізден көп хадис естимін, бірақ ұмытамын» деп ұмытпау үшін не істеуге болатынын меңзедім. Ол кісі маған: «Шапаныңды жерге жай» деді. Дереу жайдым. Қолдарымен бір нәрсені уыстап шапанға салғандай әрекет жасады. Содан кейін маған: «Жина» деді. Мен шапанды жинап алып кеудеме бастым. Расулын хақ пайғамбар ретінде жіберген Аллаға ант етейік, содан бастап естіген еш нәрсемді (хадисті) ұмытқан емеспін» (Бұһари, Айни).

Пайғамбарымыздың Құран оқу, жаттау, жақсылыққа шақырып, жамандықты тыю, түнгі құлшылықты атқару, күннің белгілі уақыттарында ұйықтау, харамдарға жоламау секілді кеңестері құлшылығымызға пайдалы болумен қатар бұлардың көптеген хикметтерінің бірі ұмытшақтықтың алдын алады. 
Келесі бір жағынан ұмытудың (ұмытшақтық емес) адамға пайдасы да жоқ емес. Жаңа мәліметтер үйрену үшін ескілерін ұмыту да керек. Жүйке жүйесінің демалуы әрі жойылмауы үшін ұмыту да керек. Бірақ ұмытқан әр мәлімет жадыдан өшіп кетпейді. Алдағы уақытта қажет болып шақырған уақытта қайта келеді. Адам ауру түрінде әр үйренгенін ұмытса, емделу жолдарын қарастыру керек. Пайғамбарымыздың мұғжизасы ұмытшақтыққа дәл бүгін шара табылмағанмен болашақта ем табылатынын білдірсе керек. 
Қартайып алжыған кісілер элктрошокпен емдеу нәтижесінде бұрынғы жадына жатталып қалған жайттарды есіне түсіре алуда. Бұл да миымызға жазылған мәліметтерді біз ұмытсақ та, олардың тұтас өшіп кетпейтінін білдіруде. Сондықтан өзіміз жасаған әрі жадымыздың ішінде жоғалып, біршамасын ұмытқан жайттар бір күні алдымыздан шығады әрі дәлел етуге қолданылады. Өшіп кетпегендіктен біз оларды есімізге түсіреміз әрі мойындамай қоя алмаймыз.

Бұған қоса, тағы бір ескерте кететін жайт, ғалымдардың бірқатары есте сақтау қабілетін күшейтіп, ұмытшақтықты жеңу үшін күн сайын кейбір дұғаларды қайталап оқып отырған екен. Күнде таңертең дәні бар кептірілген жүзімнің жиырма бір түйірін жеуді дағдыға айналдырудың да берері бар көрінеді. Тақуа кісілер есте сақтау қабілеті нашар, тез жаттай алмайтын жандарды бір хадисте айтылған төрт рәкәттық намаз оқуға және артынан арнайы дұға жасауға кеңес берген екен.

0 пікір