Жал­пы жа­ра­ты­лыс­қа бай­ла­ныс­ты тағ­дыр
Жал­пы жа­ра­ты­лыс­қа бай­ла­ныс­ты тағ­дыр
9 жыл бұрын 2337
Қайрат Жолдыбайұлы

Жал­пы ға­лам­ға көз жү­гі­рт­кен уа­қыт­та әр нәр­се­де­гі ар­найы өл­шем­ді, нә­зік есеп­ті, жал­пы әлем­ді қам­ты­ған таң­ға­жай­ып жүйені бай­қай­мыз. Әр нәр­се өзі­нің бой­ына бе­ріл­ген бағ­дар­ла­ма­мен жү­ру­де. Мы­са­лы, өрік аға­шы кіш­ке­не дә­не­гі­не қой­ыл­ған бағ­дар­ла­ма ар­қы­лы жер бе­ті­не қыл­тия шы­ғып, күн­нен-күн­ге жай­қа­ла өсіп, көк­тем кіре бүр­ші­гін ат­са, ар­ты­нан же­мі­сі­нің сүйін­ші­сі іс­пет­ті гү­лін аша­ды. Со­сын сол бағ­дар­ла­ма­ға қа­рай өзі­не тән аң­қы­ған исі­мен, көз­ді тар­тар ре­ңі­мен, бал­дай тәт­ті дә­мі­мен құл­пы­ра өс­кен же­мі­сін бе­ре­ді. Күн Алланың қой­ған бағ­дар­ла­ма­сы­на қа­рай арай­лап атып, алау­лап ба­та­ды. Сол бағ­дар­ла­ма­ға қа­рай сәуле­сін ша­шып, жы­лу­ын тө­ге­ді. Жер­де­гі су­дың бу боп кө­те­рі­ліп, ар­тын­ша бұлт­қа айна­лып, уақы­ты жет­кен­де жер­ге қай­та жаң­быр боп жаууы, құр­ғақ то­пы­рақ­тың, жал­пы су­ға мұқ­таж­дар­дың қа­же­ті­не жа­рауы – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның ар­найы бағ­дар­ла­ма­сы­на қа­рай жү­зе­ге аса­ды. Су­да­ғы ағу, тас­та­ғы қаттылық, жер­де­гі тар­ты­лыс заң­да­ры – бұл әр­қай­сы­сы­ның өзін­дік тағ­ды­ры. Құс­тар­дың ұшуы, ба­лық­тың жү­зуі, елік­тің жү­гі­руі – бә­рі-бә­рі Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның әр­қай­сысы­на лай­ық етіп қой­ған заң­да­ры, ар­найы тағ­ды­ры болмақ.

Құ­ран Кә­рім­де:

﴿إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ﴾

«Еш кү­мән­сіз біз бар­лық нәр­се­ні ар­найы есеп­пен жа­рат­тық».[1]

﴿وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءٍ فَقَدَّرَهُ تَقْدِيراً﴾

«...Бар­лық нәр­се­ні жа­ра­тып, әр­қай­сы­сы­на бел­гі­лі бір өл­шем бер­ді»[2], -  деп жал­пы әлем­де­гі осы ар­найы есеп­ке, тағ­дыр­ға на­за­ры­мыз­ды ауда­ра­ды.

Де­мек, Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз әр нәр­се­ге өзін­дік тағ­ды­рын жаз­ған. Жа­ра­ты­лыс­та­ғы әр­бір нәр­се сол тағ­дыр­дан, ар­найы бағ­дар­ла­ма­дан асып, жал­пы жүйе­ден шы­ғып ке­те ал­май­ды. Әлем­де­гі бас ай­нал­ды­рар мы­на тең­дес­сіз сұ­лу­лық, ерек­ше жүйе – ал­дын ала бел­гі­лен­ген ар­найы жо­ба­ны, дәл­ме-дәл есеп­ті, яғ­ни, илә­һи тағ­дыр­ды нұс­қай­ды.

Жы­мың­дап, жар­қы­ра­ған сан­сыз жұл­дыз бел­гі­лен­ген өз ме­же­сі­нен еш ауыт­қы­май қоз­ға­лып, ға­рыш­та жү­зіп жүр­се, жан-жа­ну­ар, өсім­дік, жал­пы жа­ра­ты­лыс Алла Та­ға­ла­ның жаз­ған ар­найы бағ­дар­ла­ма­сын ай­на-қа­те­сіз қай­та­лап ғұ­мыр ке­ше­ді.

[1] Қа­мар сү­ре­сі/49

[2] Фур­қан сү­ре­сі/2.

0 пікір