Мұғжизалар – пайғамбарлық дәлелі!
Мұғжизалар – пайғамбарлық дәлелі!
2 жыл бұрын 4524

Алла Та­ға­ла жер бе­ті­не жі­бер­ген әр­бір пай­ғам­ба­ры­на шы­найы ел­ші екен­ді­гін дә­лелдеу үшін мұғ­жи­за­лар бер­ген. Мұғ­жи­за­ның ерек­ше­лі­гі – әдет­те­гі та­би­ғат заң­да­ры­на қа­ра­ма-қай­шы жә­не пай­ғам­бар­лар­дан бас­қа еш­кім­нің ен­ші­сі­не бұй­ыр­ма­ған ға­жай­ып таң­ға­лар­лық іс­тер. Мы­са­лы, Ай­дың Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың иша­ра­ты ар­қы­лы екі­ге бө­лі­нуі се­кіл­ді. Бар­лық мұғ­жи­за­ны жа­ра­та­тын Алла Та­ға­ла еке­нін ес­кер­сек, «мүм­кін емес» деп кү­мән кел­ті­ру­дің өзі бе­кер. Се­бе­бі Алланың әр нәр­се­ге би­лі­гін жүр­гіз­ген шек­сіз құ­ді­ре­ті үшін «Бол­май­ды, бо­луы мүм­кін емес» де­ген нәр­се жоқ. Еш­бір мұғ­жи­за Алланың қалауын­сыз жү­зе­ге ас­пай­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың пайғам­бар­лы­ғы­на дә­лел – сам­са­ған мұғ­жи­за­ла­ры­нан бірне­шеуін мы­сал ре­тін­де кел­ті­рейік.

1) Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға бе­ріл­ген ең үл­кен мұғ­жи­за – Құран. Се­бе­бі Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) қия­мет­ке дейін үкі­мі жал­ға­са­тын ақыр­ғы пай­ғам­бар бол­ған­дық­тан, оған түс­кен Құ­ран да мәң­гі­лік мұғ­жи­за бол­мақ. Бас­қа мұғ­жи­за­лар­ды се­нім­ді тұл­ға­лар та­ра­пы­нан ес­тіп біл­сек, Құ­ран­ның мұғ­жи­за­лы­ғын қия­мет­ке дейін ке­ліп-ке­тер бар­лық адам­зат өз кө­зі­мен кө­ру­де. Құ­ран Кә­рім­нің за­ман ес­кір­ген сай­ын қа­зір тү­сіп жат­қан­дай жа­ңа­ра тү­суі, күн­нен-күн­ге ар­ты­на еріп, әр ая­тын шам­шы­рақ ет­кен жа­ма­ғат са­ны­ның кө­беюі, тех­но­ло­гия да­мып, бі­лім оз­ған сай­ын ғы­лым дү­ниесі­нің биік шы­ңы­нан кө­рі­ніп, ны­са­на­ны 14 ға­сыр бұ­рын нұсқауы – Оның хақ екен­ді­гін біл­дір­се, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың нақ ел­ші екен­ді­гін паш ете­ді. Құран­ның мұғ­жи­за­лы­ғы­на «Кі­тап­тар­ға иман» ат­ты арнайы бө­лім­де ке­ңі­нен тоқ­та­ла­мыз.

2) Ай­дың екі­ге жа­ры­лу мұғ­жи­за­сы. Бір кү­ні Әбу Жәһил мен Уә­лид ибн Мұ­ғи­ра бас­та­ған бір топ мүш­рік Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға ке­ліп:

«Егер сен, шы­нын­да да Ал­лаh Та­ға­ла­ның та­ра­пы­нан мін­дет жүк­тел­ген пай­ғам­бар бол­саң, біз­ге ас­пан­да­ғы айды екі­ге бө­ліп көр­сет… Ай­дың жар­ты­сы Әбу Құ­бай­ыс тауы­ның, екін­ші бө­лі­гі Құай­қан жо­та­сы­ның үс­ті­нен көрін­сін» - деп та­лап қой­ды.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) олар­дан:

– Осы ті­лек­те­рің­ді орын­да­сам, иман кел­ті­ре­сің­дер ме?- деп сұ­ра­ды.

Олар:

– Әри­не, о не де­ге­нің! - деп жауап бер­ді.

Мүш­рік­тер сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед­ке (с.а.у.) кел­ген тұс­та ай­дың дөң­ге­ле­ніп тол­ған сә­ті еді, яғ­ни он төр­тін­ші тү­ні. Алла Ел­ші­сі (с.а.у.) Жа­рыл­қаушы­сы­ның бұй­ры­ғы­мен Айға қарай қо­лын со­зып, сұқ сау­са­ғы­мен ор­та­сы­нан бөлгендей иша­ра жа­са­ды. Пай­ғам­бар­дың осы әре­ке­тін кү­тіп тұр­ған­дай-ақ, ай дәл ор­та­сы­нан екі­ге бө­лі­ніп, мүш­рік­тер­дің сұ­ра­ға­нын­дай, жар­ты­сы Әбу Құ­бай­ыс­тың, жар­ты­сы Құай­қан­ның тө­бе­сі­нен кө­рін­ді. Ар­дақ­ты Пай­ғам­ба­ры­мыз ай­на­ла­сын­да­ғы­лар­ға:

«Куә бо­лы­ңыз­дар! Куә бо­лы­ңыз­дар! Әне­кей, тө­бе­ле­рі­ңіз­ге қа­ра­ңыз­дар!» – деп дау­ыс­та­ды[1].

Мүш­рік­тер Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) бұл ай­қын мұғ­жи­за­сы­на си­қыр деп қар­сы шы­ғып, сырт­тан кел­ген­дер­ге: «Ай­дың екі­ге бө­лін­ге­нін көр­дің­дер ме?» деп сұ­ра­ған уа­қыт­та көр­дік де­ген кө­ңіл­де­рі­не ұна­май­тын жауап­қа тап бо­лып, амал­сыз «Мұ­ның си­қы­ры ай­ға да әсер етіп­ті» деп тот бас­қан жү­рек­те­рі міз бақ­па­ды.

3) Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың мұғ­жи­за­сы ар­қы­лы бір уыс та­мақ­тың бе­ре­кет­те­ніп мың адам­ға дейін же­тіп ас­қан­ды­ғы,[2] су тап­шы кез­де сау­сақ­та­ры­ның ара­сы­нан ат­қы­лап ақ­қан су­дан үш жүз­дей са­ха­ба­ның су­сын­дап әрі дә­рет ал­ға­ны[3] жай­лы көп­те­ген са­хих риуаят­тар бар.

4) Ауру­лар­дың ем­де­ліп, жа­зы­лу мұғ­жи­за­сы.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Хай­бар шай­қа­сын­да:

– Әли иб­н Әби Тә­ліп қай­да?-деп сұ­ра­ды. Са­ха­ба­лар:

– Уа, Расулаллаһ! Оның кө­зі ауы­рып жа­тыр, ­ де­ді.

– Де­реу оған ха­бар бе­рің­дер, - де­ді. Са­ха­ба­лар де­реу Әли­ді алып кел­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) киелі тү­кі­рі­гін Әли­дің кө­зі­не жа­ғып, оған дұ­ға жа­са­ға­ны сол екен Әли жа­зы­лып шы­ға кел­ді...

Мі­не, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың осы се­кіл­ді көп­те­ген мұғ­жи­за­ла­ры Оның хақ пай­ғам­бар екен­ді­гі­не куә­лік ете­ді.

Қайрат Жолдыбайұлы, "Имани гүл".


[1] Бу­ха­ри, ма­на­қиб/3636. (ауд: Да­ми­ра Өмір­зақ­қы­зы, Адам­зат­тың асыл тә­жі, 1-том, 237.)
[2] Бу­ха­ри, ма­на­қиб/3578.
[3] Бу­ха­ри, ма­на­қиб/3576.

0 пікір