|
"Ұлық болса, кішік бол": әлемге әйгілі футболшы дәретхана жуудан арланбады (видео)
|
Англияның «Ливерпуль» футбол клубының жартылай қорғаушысы Садио Мане кезекті ойыннан соң жергілікті әл-Рақым мешітіне барып, дәретхана тазалау жұмыстарына қолғабыс еткен. Оның бұл әрекетін куәгерлер таспаға тартып алып, The Sportsman ақпарат көзі Twitter әлеуметтік желісінде жариялапты. Әлемге әйгілі спортшының Алланың разылығын көздеген бұл әрекеті жанкүйерлеріне ғибрат болмақ. Англия чемпионатының төрт матчында 26 жастағы сенегалдық форвард 4 гол соғып үлгерген. Футболшының жалақысы жылына 5,3 млн еуро. Ал ойыншының тансферлік құны - шамамен €70 млн.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
■
Араб елі орман өртегендерді өлім жазасына кесетін заңды қабылдады
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады