Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары (WCG) Саудия жерінде алғаш рет өтетін болды
Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары (WCG) Саудия жерінде  алғаш рет өтетін болды
3 жыл бұрын 1852 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Саудия астанасы 2023 жылы Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарын (WCG) өткізу құқығына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы араб бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жарыс жекпе-жектің 15 түрінен тұратын халықаралық мультиспорттық шараларды қамтиды. GAISF мультиспорттық ойындар жетекшісі әрі вице-президенті Стефан Фокстың айтуынша, бұл айтулы шара аясында жекпе-жек өнерінің көрнекті өкілдері семинарлар өткізеді, ағартушылық конференциялар ұйымдастырылады, тіпті, тұңғыш рет бұл салада бүкіл әлемдік гала-концерт қойылады. Жекпе-жек өнерінің аңызға айналған тұлғалары сап түзейтін болады. Бұл тарапта Саудияның Олимпиада комиетінің бас ассамблеясының (SAOC) арнайы салтанатты шарасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

0 пікір
Мұрағат