Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады? ЭЭГ мониторинг МӘМС бойынша тегін жүргізіледі
Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады? ЭЭГ мониторинг МӘМС бойынша тегін жүргізіледі
4 жыл бұрын 4052

Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге қаражат бөліп отырады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтауға арналған скринингтер де бар. Скринингтік зерттеулердің маңызы неде? Тексеруден неге уақтылы өту қажет? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға МСҚ Алматы филиалы сарапшылары жауап берді. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Мамандардың айтуынша, аурудың көбінің жазылуы қаншалықты ерте анықталғанына тікелей байланысты. Уақтылы анықталған дертті емдеу де оңай. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде ауруды ерте анықтау мүмкіндігі артып отырғаны қуантпай қоймайды.

Мәселен, 2021 жылы Алматы қаласы бойынша қатерлі ісікке жасалатын скринингтерге 1,37 млрд теңге бөлінген. Атап айтқанда, 731,5 млн теңге сүт безі обыры скринингіне, 472,8 млн теңге жатыр мойны обырын анықтайтын зерттеулерге арналған. Ал колоректальды обыр скринингіне 170,7 млн теңге жұмсалмақ. 

Скрининг дегеніміз не және оның қажеті қанша?

Скрининг – ауруды және оның туындауына әсер ететін факторларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін медициналық зерттеулер жиынтығы. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді. 

Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады?

• Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау – аталған диагноз негізінде динамикалық бақылауға алынбаған 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер 
• Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер 
• Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 
• В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау 

Сонымен қатар профилактикалық тексерулерден 18 жасқа дейінгі балалар да өте алады. Оған баланың психофизикалық және жыныстық даму деңгейін бағалау, зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын анықтауға арналған тексерулер кіреді. Белгілі бір ақау табылған жағдайда салалық маманға жолдама беріледі.

Профилактикалық тексерден өтуге жолдаманы кім береді? 

Скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады. 

Профилактикалық тексерлер МӘМС пакетіне енген, сондықтан скринингтен өтетін азамат сақтандырылған болуы шарт.  

Скринингтен өту жиілігі қандай?

Скринингтік зерттеулердің кей түрі бес жыл сайын, кейбірі – екі немесе төрт жыл сайын жасалады. Бұл мерзім әр аурудың даму қарқынына қарай белгіленген.

Скрининг нәтижесін қалай білуге болады?

Скринингтік зерттеуден өткен пациенттер денсаулығынан ақау табылған жағдайда салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болғанда ем тағайындалады.

ЭЭГ мониторинг МӘМС бойынша тегін жүргізіледі

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызмет түрлері баршаға қолжетімді болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«МӘМС жүйесі енгізілгелі бері тұрғындар тарапынан сұранысқа ие КТ, МРТ, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, консультациялық-диагностикалық қызметтер, т.б. (пациенттің ақысыз тексерілуі, емделуі, дәрігер мен бейінді маманның кеңесі, консультациялық-диагностикалық қызметтер, оқалту қызметтер, т.б.) медициналық қызмет түрлерін барлық азаматтардың алу мүмкіндігі артты. 

Сол секілді ЭЭГ мониторингтен де МӘМС аясында жолдама арқылы тегін тексеруден өтуге болады. Бұны 1000-ға жуық пациент МӘМС аясында ЭЭГ мониторинг – тексеруден тегін өткен «Жанұя» жекеменшік клиникасы мысалынан көруге болады» - дейді  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Бәрімізге белгілі, 2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жүзеге асырыла бастады. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастанбарлық сақтандырылған адамдарға қызметтер пакеті теңдей  қолжетімді болуына негізделгенЯғнимүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азаматқа жетіне қарай, МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем беріледімедициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.Барлық медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеменшік клиникаларда алуға болады. Тек бір ғана шарт – медициналық ұйым ӘМСҚ дерек қорында болуы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс.

0 пікір
Мұрағат