Шымкентте шараналарды саудалап келген қылмыстық топ құрықталды
Шымкентте шараналарды саудалап келген қылмыстық топ құрықталды
9 жыл бұрын 3065

Тәртіп сақшылары қазірдің өзінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 азаматты ұстаған. «Олардың ішінде перзентхана қызметкерлері мен АХАЖ бөлімінің инспекторы да бар», - дейді облыстық прокуратура өкілдері. Топтың серкесі 1981 жылы туылған келіншек екені анықталған, - деп хабарлайды 24.kz арнасы.  

Қазір оның да аяғы ауыр көрінеді. Ұйымдасқан топ мүшелері кейбір жүкті қыздарды үйлерінде босандырып алған. Сәбилерді 150-400 мың теңге аралығында сатып отырған көрінеді. Полиция қызметкерлері ұйымдасқан топ мүшелерін екі жыл бойы аңдыған. Қазіргі таңда олардың 20-сы іске қатысы барлығын дәлелдеген. 7 азаматтың үстінен ҚР үш бабы бойынша іс қозғалған: 335-бап – жасөспірім саудаға салу, 262 - ұйымдасқан топ құру, 385 бап - құжат жасау дерегі бойынша. Досымхан Айтышев, қалалық Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары: - Сатып алушыларда мұндай әрекетке барған әйелдің визиткасы болған, ол тергеу кезінде анықталып отыр. Өйткені азаматтар өздері хабарласып, оны телефон арқылы тапқан. Бұл іс екі дәрігермен шектеледі деп айта алмаймын. Қылмысқа қатысы бар басқа адамдар да болуы мүмкін.

1 пікір
  • Сұмдық. Не заман болды, сөзім жоқ...
    Ардан безген, безбүйректер...
    9 жыл бұрын
Мұрағат