Норвегияда мұсылмандар саны артуда
Норвегияда мұсылмандар саны артуда
9 жыл бұрын 3612

Норвегияда исламға бет бұрған жандардың саны артуда. Олар исламға қарап, оның тереңдігін түсініп, дәл қазіргі алмағайып заманда өмірдің мәнін ислам арқылы түсініп жатқанға ұқсайды.

«Исламды қабылдау қазіргі жастар арасында қарқынды жүріп жатыр» - деді 30 жыл бұрын исламды қабылдаған дінтанушы профессор Анн Софи Роалд.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, исламды қабылдаған этникалық норвегтердің саны 90-жылдардың соңында 500 ғана болса, қазір олар 3000 адамды құрайды. Норвегтердің исламды қабылдауына бір себебі 22 шілдеде 2011 жылы болған қайғылы оқиға. Естеріңізде болса, Андерс Брейвик деген қылмыскер жастар лагерінде 69 мұсылман норвегтің өмірін қиған болатын.  

Осы оқиға кезінде тірі Мортен Абрахамсен атты 23 жастағы азамат әлгі қылмыскердің жек көретін дінін зерттеп, соңында мұсылман болады. Сондай-ақ, өзінің атын Ибрахим деп өзгертеді. «Мен іздегенімді таптым» дейді ол ақиқатты мойындап. 

1 пікір
Мұрағат