Роза Әлқожа орамал дүкенін ашты
Роза Әлқожа орамал дүкенін ашты
9 жыл бұрын 7450 baistars.kz

Əнші Роза Əлқожа Алматы қаласынан «Мен сыйға тартқан орамал» деген атаумен орамал дүкенін ашты.

Кеше қазақ қыздары арасында   ұлттық құндылықтарымызды дамыта отырып, орамалдың сәнді болуына үлес қосу мақсатын алға қойған   дүкеннің салтанатты  түрде ашылу салтанаты өтті. Əншіні құттықтауға өнердегі әріптестері мен туыстары келді. Құрметті қонақтардың ішінде жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова, Қазақстан Журналистері академиясының академигі, журналист Серік Жанболат,  Бағдат Сәмединова, Гүлмира Ақүрпекова, Алма Аманжолова, Алтынай Жорабаева, Айған Жолдасова, Тахмина Әшімбекова, Исраил Сапарбай, Әділбай Жаниязов, Бота Бейсенова болды. Барлығы жылы лебізін білдіріп, құттықтады.

Ал Зейнеп Ахметова дәстүрлі қызыл лентаны кесіп, батасын берді.

«Орамал қашанда киелі саналған. Негізі әуелеп жүрген жағымсыз энергия бірінші әйелдің басына  қонады екен. Ал орамал сол энергиядан қорғайды. Осы орайда осындай орамал дүкенін ашу-дәстүрді ұлттық брэндке айналдырудың бастауы деп санаймын. Сондықтан игі бастамалар жалғасын тауып, ұзағынан болсын», — деді  Серік Жанболат.

«Роза қызыма үнемі Зейнеп Ахметова апамызды үлгіге ала отырып аналық  ақылымды айтатынмын. Осы ақыл-кеңестерімді бойына сіңіріп, келін атанған сәтінен бастап  басынан орамалын тастамаған қызыма ризамын. Өзі 18 жасында «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен танылып, халықтың ықыласымен киелі сахнаға келген еді. Бүгінде елінің сүйікті әншісіне айналды.  Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір. Роза мен күйеу балам Айдынның бастаған жаңа бастамаларына тек сәттілік тілеймін»-дейді әншінің анасы.

Шара барысында әрбір қонаққа «Alkhoja»  брэндінің орамалы сыйға берілді. Артынша барлығы қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Сонымен қатар, фуршет ұйымдастырылды.

Біз де әншіні құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!

5 пікір
Мұрағат