Петропавлда 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оңай шешеді
Петропавлда 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оңай шешеді
9 жыл бұрын 3849 24.kz

Петропавл қаласының 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оп-оңай шеше алады.

Батырхан Сағандықов миллион, миллиардтарды ойша алып-қосып, сағаттарды секундқа айналдырады. Логикалық тапсырмалардың да жауабын жазбай айтады. Батырхан Сағандықовтың есеп-қисапқа деген қабілеті осыдан басталған.

Сағатты секундқа айналдырып жүрген бала кейіннен күрделі сандардың да шешімін табады. 7 жасар бала осындай есептерді ойша шешеді. Көбейту-бөлу амалдарын білмесе де, долларды теңгеге аударады. Жауабын да көп күттірмеді.

Бір қызығы, Батырхан берілген тапсырманың шешілу жолын түсіндіре алмады. Ата-анасының айтуынша, бала өзімен өзі санай бастаған. Тіпті 4-сыныптың есептерін шемішкеше шағады.

Динара Сағындықова, Батырханның анасы: - Осындай есептерді бір минут болмай шешеді. Жауабын дұрыс тапса да, қалай шығарғанын білмейді. Кейде айтады. Бірақ мен түсінбеймін.

Батырхан биыл бірінші сыныпқа барды. Баланың математикаға деген ынтасы зор. Сондықтан ата-анасы оны лицейге берді.

Ирина Гришкова, бастауыш сынып мұғалімі - Бастапқы бағдарлама бойынша 10-ға дейінгі сандарды үйреніп жатырмыз. Балалар қосу-алу амалдарымен танысты. Әркімнің қабілеті әр түрлі. Кішкентай математик есеп шығарып қана қоймай, ән айтып, гимнастикамен шұғылданады. Ал арманы – актер болу.

0 пікір
Мұрағат