Мүфтият Айдын Айымбетовті “киелі сумен шоқындыруына” қатысты жауап берді
Мүфтият Айдын Айымбетовті “киелі сумен шоқындыруына” қатысты жауап берді
9 жыл бұрын 5481 nur.kz

Мүфтият өкілдері 2 қыркүйекте ғарышқа аттанған отандасымыз, Қазақстан атынан ұшқан тұңғыш ғарышкер Айдын Айымбетовтың ұшырылымында орын алған келеңсіз оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қазақтан шыққан үшінші ғарышкер – Айдын Айымбетовты ғарышқа ұшыру рәсіміне ұйымдастырушылар тарапынан шақырту келмеді. Діни рәсімдер орындалатыны жайында хабар жеткізілмеді”, – деп түсіндіреді ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы.

“Тарихи шараға Бас мүфти бастап, имамдар дұға-тілектерін жаудырып, батасын беріп жатса, жарасып-ақ кетер еді деп ойлаймын. Имамдар қоғамдық іс-шараларға атсалысып, игі бастамаларда белсенділік танытып келеді”, – деп жалғастырды сөзін Діни басқарманың өкілі.

Еске сала кетсек, кеше, 2 қыркүйек күні, ғарышқа аттанар кезде қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовті киелі сумен шоқындыру ғаламторда қызу талқыланып, жұртшылықтың наразылығын тудырған еді.

Халық  ғарышқа аттанар алдында дін қызметшісінің ғарышкерлерді киелі сумен шоқындырғанына ерекше назар аударған.

Осы орайда оқырмандар Бас мүфтидің қазақ ғарышкеріне бет сипап, бата бермегеніне қынжылған. Сонымен қатар, киелі сумен шоқындырма деп айтпағаны үшін Айдын Айымбетовке кінә артқандар да табылды. 

 

11 пікір
  • "ШОҚЫНҒАННАН" ХРИСТИАН БОЛЫП КЕТКЕН ЖОҚ

    Дін тақырыбындағы пікірталастан үнемі қашып жүруші едім. Бірақ Айымбетовты «шоқындырған» көптің жазбасынан кейін ойыммен бөліскім келді...
    Мен танитын бір жігіт бар. Жігіт ағасы деуге де болар, жасы 50-ге жақындап қалды. Ұлты – орыс. Аты-жөнін жазудың қажеті жоқ шығар. Қызметі әжептәуір оның өн бойынан өзім танитын екі жыл ішінде әлі күнге мін таба алмай келемін. Мінезі – жібектей, үнемі өзін-өзі жан-жақты дамыту үстінде жүреді.
    Бірақ, бастысы ол емес. Бастысы, оның дін жолындағы ізденісі. Ол белгілі бір дінді ұстанбайды. Бірақ барлық дінді зерттеп, әрбірінің ең жақсы тұстарын бойына сіңірумен әуре. Жыл сайынғы еңбек демалысын осы мақсатқа арнап, әлемдегі түрлі дін ошақтарына барып қайтады. Мұндай «микс» дін оны адастырды деп ойламаймын. Оның руханияты – христиан, мұсылман және басқа да діндерді ұстанатын біздің көбімізден жоғары тұрғаны сезіледі. Оның артықшылығы – соқыр сенімге берілмейді, бәрін де жүрегінің сүзгісінен өткізіп қабылдайды.
    ...Таяуда бізбен бірге ораза ұстады. Өте жақсы әсер алғанын айтты. Бірақ одан мұсылман болып кеткен жоқ.

    Abai.kz
    Нұрболат Аманжол, Facebook-тегі парақшасынан алынды.
    9 жыл бұрын
    • Мұндай адамды бұлай мақтап үлгі етудің қажеті жоқ деп ойлаймын! Өйткені, мәңгі өміріміз болатын ақырет үшін басты нәрсе иман келтіру болғандықтан, қанша жерден көркем мінез, адамгершілік болса да пайда бермейтіні белгілі! ИншаАллаһ, ол кісі де ақыр соңында ақиқатты түсініп, мұсылман болады деп үміттенеміз...
      9 жыл бұрын
  • сіздер бұған қандай пікір білдіресіздер, құрметті оқырман?
    9 жыл бұрын
  • Бул жерде дін кызмектерінін катесі деп ойлаймын. Айдын Айымбетовка карай "суын шашпау" керек еді
    9 жыл бұрын
    • Келісемін. Дін қызметкері болып тұрғандықтан басқа дін өкіліне олай жасау оның сенімін жоққа шығарғандай болатынын білуі керек қой!
      9 жыл бұрын
  • "ШОҚЫНҒАННАН ХРИСТИАН БОЛЫП КЕТКЕН ЖОҚ-қа:
    "Пайғамбарымыз "Адамзат баласы Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның Елшісі деп куәлік сөзіне тілін келтіріп, (өз еркіменен) намаз оқып зекет бергенге дейін, күресуге бұйырылдым. Егер мұны атқарса, жане "Кәлима шаhадатты" жете түсініп, хақысын бере отырып амал жасаса - жандары мен мал-мүліктерін менен (яғни, мұсылман үмбетінен) аман сақтап қалды."(Бұхари, Мүлсім)- деген. Ендеше, жер бетінде жақсылық пен жамандық үшін болып жатқан күрестің үлкені қандай мақсатта болу керек екендігі осы хадистен байқаймыз. Бұл хадисті келтіру арқылы басқа дін ұстанғысы келетіндерге қарсы қанды қырғынға үндеуден аулақпын, алайда, ( басқа дін өкілдерiмен татулықты сақтаймын деп) өзінің асыл мақсаты не екенін ұмытпаса керек. Есі дұрыс мұсылман, өз дінiн басқаға жеткізу жолында парасатты түрде күресіп, бұл секілді жағдайларға салғырттық танытпасы анық. Дегенмен, бұл жағдай Қазақстан мұсылмандарының ел жаңалықтарына салғырт қарайтынын (кеш танысатынын) бір көрсетті деп ойлаймын...
    9 жыл бұрын
  • Ершат Оңғаров (дінтанушы):

    Айдын шоқынған жоқ! Біріншіден, христиан дінінің қызметкері Байқоңырда Айымбетовтың бетіне су шашуы - шоқындыруға жатпайды. Ол жерде шоқындырудың элементтері болған жоқ. Шоқындыру жоралғысы әлдеқайда күрделі.

    muslim.kz
    9 жыл бұрын
  • Мұхиддин Иса (дінтанушы):

    Дереу күпірге шығару – тәкпіршінің мінезі

    muslim.kz
    9 жыл бұрын
  • Амандық болса Айдын Айымбетов жерге оралғанда сұрақтарыңызға нақты жауап ала аласыздар, адамның еркінен тыс жасалған бір іске бола ол адамды өзге дінге өтіп кетті деп, кәпірге шығарып күпірлік ету мұсылмандықтан емес. Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы болған ҚМДБ ның осы мәселе жөнінде берген түсініктемесі бәрімізге түсінікті болу керек...
    9 жыл бұрын
  • Сабырлық түбі – сары алтын (халық сөзі).
    9 жыл бұрын
  • Мұндай тарихи іс-шараға Христиан дінінің өкілін шақырып, ҚМДБ өкілідерін ескертпеу, ұшар алдында діни жоралғылардың болатынын жасырып қалу ғарыш агенттігі тарапынан жасалған үлкен қателік, алалағандық және әділетсіздік деп білемін. Әрине, ондай "киелі" су шашқаннан Айдын ағамыздың шоқынып, христиан болып кетпейтіні анық. Дегенмен, ғарышқа қазақ және мұсылман баласы ұшатынын біле тұра, агенттіктегі жауапты ағаларымыздың бұған салғырт қарағаны - мен үшін түсініксіз... Ал Айдын ағамыздың осыған қарсылық білдірмеуі - оның өз басының жоғары интелегенттігі мен сабырлылығынан деп білемін...
    9 жыл бұрын
Мұрағат