|
АҚПАРАТ САЛАСЫ БОЙЫНША ИМАМДАР ПУЛЫ ЖАСАҚТАЛДЫ
|
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарына кез келген діни мәселелер мен әртүрлі сауалдар бойынша түсініктеме, сұхбат беретін, телебағдарламаларға қатысатын имамдар пулы жасақталды.
Қоғамдық діни пікір қалыптастыратын топтың құрамына мүфтияттың белді қызметкерлері, облыстың бас имамдары, теолог ғалымдар мен имамдар енді.
Имамдар пулын жасақтаудағы мақсат – діни сала бойынша қоғамда туындаған сұрақтарға дер кезінде жауап беру, имамдардың ақпарат саласындағы қызметін жандандыру, насихат жұмыстарын жетілдіру, қоғаммен байланысты күшейту, т.б. БАҚ бойынша жауапты дін қызметкерлерінен діни һәм зайырлы білім, шешендік өнер, жан-жақты сауаттылық талап етіледі.
«Біз ақпараттың дамыған дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Әсіресе, жастар діни мағлұматты ғаламтор мен электронды ақпарат құралдарынан алады. Біздің имамдар діни ақпарат кеңістігінде белсенді қызмет етуі тиіс. Ғаламтор мен әлеуметтік желілерді дәстүрлі діни мағлұматтармен толтыратын болсақ, қазақ жастары адаспайды деп есептеймін», – деп атап өтті басқосуда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды