|
Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?
|
Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі электронды үкімет сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні деп есептелінген. Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті, қазақстандықтар тағы 2 күн сенбі мен жексенбіде демалады. Ал келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалатын болады. 23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды