Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады
Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады
3 жыл бұрын 2627

Маусымда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Жаздың басы сейсенбіге түседі, ол – жұмыс күні. Бұл жайында matritca.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

Мереке болмағандықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар маусым айында 8 күн демалады. Осылайша, 5, 12, 19, 26 маусым (сенбі) және 6, 13, 20, 27 маусым (жексенбі) күндері демалыс болады.

Дей тұрғанмен маусымда Қазақстанда бірнеше мереке бар. Олар:

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
6 маусым – қаржы полициясы күні;
20 маусым – медицина қызметкерлері күні;
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.
Айта кетейік, маусымда көптеген маңызды күн мен халықаралық мерекелер бар. Олар:

1 маусым – Балаларды қорғау күні;
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні;
26 маусым – есірткіні теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні.
Бұл мерекелердің ешқайсында демалыс берілмейді.

Әлемде және Қазақстанда қай күні қандай мереке бар екенін Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

0 пікір
Мұрағат