Қазақстанда келіндерге арналған әлеуметтік желі пайда болады
Қазақстанда келіндерге арналған әлеуметтік желі пайда болады
9 жыл бұрын 4277

Елімізде келіндерге арналған анонимді әлеуметтік желі пайда болады деп хабарлайды Baq.kz порталы Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Жаңа сайтты жасаушы - Назарбаев Университетінің студенті Дидара Пернебаева. "Kelin деп аталатын желі төрт функциядан тұрады: тесттер, тағам түрлері, сөздік және құпиялар. Тестте салт-дәстүрге қатысты 13 сұрақ бар, сол сұрақтарға жауап беру арқылы келіндер өзінің қандай келін екендігін анықтайды. Екінші бөлім ұлттық тағамдарға арналған, оларды қалай дайындау керектігі жазылған" дейді Д.Пернебаева.

Әлеуметтік желінің анонимді болуы да бекер емес дейді ол. "Қазақстанның әр аймағындағы келіндер енесіне қалай ұнау керектігін өзара бөлісу үшін, құпия айту үшін анонимді болғаны дұрыс деп шештік" дейді ол.

Өнертапқыштың айтуынша, аталған желі мобильді аппараттарға арналған қосымша ретінде жасалған және осы апта App Store мобильді дүкенінде пайда болады.

"Тұрмысқа шығып жатқан қыздардың көпшілігі жаңа отбасыға бейімделе алмай жатады. Әрбір үшінші жұп елімізде ажырасып жатады екен. Сондықтан осындай жоба жасау идеясы туындады" деп атап өтті Дидара Пернебекова. 

3 пікір
  • Осы дұрыс емес сияқты. Өз ойым. Тым интернетке тәуелді боп барамыз.
    9 жыл бұрын
  • Менде солай ойлаймын
    9 жыл бұрын
  • Йə мен де қосылам,жəне келін деген танымайтын біреулермен сырласып не керек,бүкіл уақыты да,ойы да сол интернетте тұрады.жəне арты өсекке айналып кетуі де əбден мүмкін.ешқандай жақсылық байқай алмай тұрмын
    9 жыл бұрын
Мұрағат