|
Өзбекстандағы Бағыс пен Хиебон ауылдары Қазақстан аумағына қосылды
|
Өзбекстандағы Бағыс пен Хиебон ауылдары Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданына қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ел премьер-министрі Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды. Нәтижесінде Түркістан өңірінің аумағы шамамен 796 гектарға ұлғайды. Осы орайда жергілікті мәслихат өкілдері Үкіметке шекараны өзгерту туралы ұсыныспен шыққан.
Бұған дейін Бағыс пен Хиебон дербес ауылдар болған. Елді мекен тұрғындарының жартысы Қазақстан, ал қалғаны Өзбекстан азаматтары. Қос мемлекеттің келісім бойынша енді бұл жерлер біздің елдің аумағына кірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды