Науқас балаға жиналған қаржы табылмай жатыр
|
«31» телеарнаның хабарына қарағанда, Алматы қаласында ауыр науқасқа шалдыққан бала, дәлірегі, арқа миының жарығы және гидроцефалия деген диагноз қойылған екі жастағы Рамазанның отбасы алаяқтардың жеміне айналды. Баланы Қытайда емдеу үшін 2,5 млн теңге қажет. Осыны естіген белгісіз біреулер қайырымдылық концертін ұйымдастырып, содан түскен қаржыны Рамазанның отбасының есепшотына түсіретін болып келіскен екен. «Қайырымдылық концерті» өткенімен, одан жиналған қаржы сол күйі есепшотқа түспеген. Рмазанның анасы бір ай күтеді. Алайда, есепшотқа қаржы түспеген. Қайырымдылық концерті қыркүйек айының 6-ы күні Натальи Сац атындағы балаларға арналған театрда өткен. Бұл концертте Парвиз Назаров, Еркін Құдайбергенов секілді танымал әншілер ән шырқады. Алайда, театр басшылары да, әнішлер де қайырымдылық концерттен жиналған қаржының Рамазанның отбасының есепшотына неліктен түспегенін түсіндіріп бере алмады. Осынау концертте қанша қаржы жиналғанын ұйымдастырушылар білмейтін болып шықты. Бір белгілісі, концертке кіру құны 2,5 мың теңге болған. Бұл қаржыдан күдерін үзген Рамазанның отбасы қазіргі кезде шарасыз күйде отыр.