|
Мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеті ғаламтор қолданушыларының наразылығын туғызды
|
Мектепте түсірілген кезекті видео Интернетте қызу талқыланып жатыр. Қолданушыладың бірі YouTube сайтына Шымкенттегі мектептердің бірінде түсірілген "2+2=5 деп айтқан кезде" атты видео жүктеді.
Кадрдан видеоның алгебра пәнінде түсірілгенін байқауға болады. Оқушылардың бірі тақтаның алдында тұрып цифрлар жазып жатыр. Оған мұғалім бүктелген қағаз лақтырып, оқушыны алақанымен ұрып жібереді. "Көбейтуді білмесең 11-ші сыныпта не істеп жүрсің?" - деп айқайлады ол.
Видеоға пікір білдірушілердің көзқарасы екіге жарылды. Кейбірі мұғалімнің ісіне қапа болып, "мұндайларға мектепте орын жоқ" деп жатыр. Ал басқалары болса 11-ші сыныпта көбейтуді білмеген оқушыларға кез келген мұғалімнің ашуланатынын айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)
Ал мына мұғалімді мен де түсіне алмай отырмын, мен бұл мұғалімді жақтап жатқан жоқпын, ол да жетіскеннен мұндай әрекетке бармасы анық, айлық аз, жұмыс көп, тіпті мектеп мұғалімдері қазір көше сыпырып, тал отырғызып, санақ санап түрлі жұмыстарды істейді, қала берді жан-жақтан неше түрлі қысым көрсетеді, әбден жүйкесі жұқарғаны көрініп тұр.
Назерке Сакенова сізге айтарым мұғалімді ашықтан ашық балағаттап отырсыз. Ешкім аспаннан салбырап түскен жоқ, бәріміздің де ұстаздарымыз болды. Бұл видеоролик сізге ұстазды балағаттауға ешқандай құқық бермейді. Бұл ролик әлеуметтік желіге түсті, керекті орындар көрсе мұғалім тиісті жазасын алады деп ойлаймын. Қатты кеткен болсам ренжімеңіз.
P/S: Мен де мұғаліммін бірақ мектепте емес.