Кісі өлімінің алдын алғаны үшін 9 жастағы бала марапатталады
Кісі өлімінің алдын алғаны үшін 9 жастағы бала марапатталады
9 жыл бұрын 3134

Қостанай қаласының 9 жастағы мектеп оқушысы Данил Елизаров қайсарлығы мен батылдығы үшін марапатталады. Ол кісі өлімінің алдын алғаны үшін осындай құрметке лайық деп танылды. Бұл жайында "Наша газета" ақпарат порталы хабар таратты. Тарқатып айтқанда, ол дүкендердің бірінен әлдекімнің сатушыны бас-көз демей төбелеп ұрып жатқанын көріп қалады. Данил дереу көшедегі жүргіншілерді көмекке шақырады. Жолында кездескен ер адам төбелесіп жатқандарға араша түсуден бас тартқан. Десе де, Данил көрші үйге қарай құстай ұшып, төбелес болып жатқан жерге адамдарды шақырады. Көмекке келген адамдарды көрген қылмыскер арам ойын жүзеге асыруға үлгермей қалады.  Кісі өлтіруге оқталғаны үшін 28 жастағы Ренат Сисембаев тұтқындалып, оған айып тағылды. Ол ішімдік ұрлау үшін дүкен есігіндегі құлыпты бұзып ішке кірген. Сатушыны көрген бетте оған тұра ұмтылған. Мектеп әкімшілігі Данилдің бұл ерлігін ескеріп, күллі мектеп оқушылары қатысқан линейкада оған құрмет мақтау қағазын тапсырды. 

 

0 пікір
Мұрағат