Құран үшін үйді сүріп тастады
Құран үшін үйді сүріп тастады
9 жыл бұрын 4232

Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьцзян аймағында билік тізгінін ұстағандар қасиетті Құран оқуды үйрететін ұйғыр отбасының үйін сүріп тастауға пәрмен берді. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 24-і күні «рұқсатсыз діни білім берді» деген желеумен жергілікті 500 тұрғынның көзінше тапа тал түсте Меттұрсым Қасымның үйін экскаватормен және бульдозермен жермен жексен етіп, сүргізіп тастады. 3 жатын бөлмеден, асүйден және шағын ауладан тұратын бұл үйдің бір жатын бөлмесі қасиетті Құран оқыту сыныбына айналған болатын. Көмекке келген көршілері үйден заттар мен жиһаздарды алып үлгерген жоқ, әй-шәй жоқ сүрді де тастады. Бұған қоса, шолақ белсенділер үйдің сүріліп жатқан сәтін суретке түсіруге тыйым салды. Десе де, үйді сүргізгендері туралы ақпаратты таратуға рұқсат етті – тұрғындардың қасиетті Құранды оқыту үшін ендігәрі мұндай қадамға өздігінен бармасы үшін. Ал үй иесіне келетін болсақ, 27 жастағы фермер мен оның 25 жастағы әйелі және 3 баласы қасиетті Құранды оқыту курсын өткізгені үшін осыдан бір ай бұрын өз үйлерінде тұтқындалған болатын.

1 пікір
Мұрағат