Мұсылман қыз үнділердің қасиетті кітабы бойынша бірінші орын алды
|
12 жастағы мектеп оқушысы мұсылмандарды да, индустарды да таңқалдырып, индустардың қасиетті кітабы – Бхагавадгита бойынша өткен қалалық олимпиадада жеңімпаз атанды. Алтыншы сыныпта оқитын Мариям Әсіп Сыддық Мумбайдың 195 мектебінің арасында өткен тартыста 4500 құрдасын шаң қаптырып кетті. «Гитаны танып-білуге қатысты байқау өтетінін және оған қатысуға болатыннын ұстазым айтты. Ата-анамнан сұрап көріп едім, олар қандай дінге қатысты байқау болса да оған қатысуыма болатынын айтты»,- деді ол IBN Live ақпарат көзінің тіілшісіне берген сұхбатында. Айта кетейік, Мәриям тек Бхагавадгитаны ғана емес, сонымен қатар, қасиетті Құран мен Інжілді де өте жақсы білетін болып шықты. Жергілікті мұсылман ғалымы Мәулана Омар Ахмет оқушы қыздың бұл жеңісі жайында оң пікір білдірген болатын. «Дін бөлуші емес, біріктіруші»,- деді ол сөзінің соыңнда.
Інжілмен қатар Құран да оқытылады
Париж қаласындағы әлемге әйгілі колледжде Інжілмен қатар қасиетті Құран да оқытылатын болды. Франция астанасындағы аталмыш білім беру әрі зерттеу мекемесінде осы курсты жүргізетін Франсуа Дерош (François Déroche) әу бастағы ислам дінінің жуырда зерделенген манускриптісін негізге алатынын жеткізді. Араб манускриптісінің маманы, профессор үстіміздегі жылдың сәуір айының 2-нен бері «Құран тарихы, оның мәтіні және жеткізілуі» тақырыбында дәріс оқиды. Бұл дәріске алдын ала тіркелмей-ақ қатыса беруге болады.