Келімбетов мұнай құнының құлдырауы ел экономикасына соққы болатынын айтты
Келімбетов мұнай құнының құлдырауы ел экономикасына соққы болатынын айтты
10 жыл бұрын 3296

Мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан үшін үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Алматыда өткен "Қазақстандағы қаржыландыру өсімі" атты халықаралық форумда мәлімдеді.

Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі Астана арнасына сілтесе жасай отырып, хабар таратты

Осы уақытқа дейін мұнай бағасының құбылуы еліміздің экономикасына зиянын тигізбейтіні айтылып келген еді.  Және Ресей рублінің құнсыздануынан да елімізге ешқандай кері әсер болмайды деп мәлімдген еді.

"Қазақстанды барлығы мұнай өндіруші ел ретінде таниды. Біз әлемдегі мұнай шығарушы ең ірі 20 елдің қатарына кіреміз. Сондықтан мұнайдың орта есеппен алғандағы бағасына тәуелдіміз. Баға баррелі үшін 85 доллар болуы мүмкін, сәл көп, не сәл аздау тіркелуі де ықтимал", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ол баға құбылысы өте жоғары болуы мүмкін екенін де айтты.

"Оны ешкім болжай алмайды. Баға құбылысы өте жоғары болуы мүмкін екенін де түсінеміз. Тіпті ол құлдырап кетуі де ғажап емес. Ал бұл жағдай Қазақстан сияқты мұнай өндіруші елге үлкен қиындықтар әкелуі мүмкін. Елімізге қазір Ресей экономикасының, әсіресе, рубль бағамының төмендеуі әсер етіп отыр. Өйткені, Ресей - Қазақстанның ірі сауда әріптесі", - дейді Қайрат Келімбетов.

Еске сала кетейік, жақында ғана Келімбетов рубль бағамының өзгеруі теңгеге әсер етпейді деген болатын.

0 пікір
Мұрағат