Палестина 2015 жылы БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болады
|
![Палестина 2015 жылы БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болады](https://static.islam.kz/uploads/images/Kgu/zrf/USuVEhziCml7slWm-lg.jpg)
Израиль билігі қанша жанталасқанымен Палестина халқы өз егемендігін жариялау жолында тынбай күресіп келеді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі израилдік басқыншылықты тоқтату мерзімі белгіленген қарар жобасына дауыс беруі тиіс. Ал 2015 жылы Палестина БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болуға өтініш түсіруге ниеттеніп отыр. Өйткені, 2012 жылы БҰҰ Палестинаға бақылаушы мемлекет мәртебесін берген болатын. БҰҰ-ның жанындағы Палестина мемлекетінің тұрақты өкілі Рияд Мансұрдың мәлімдеуінше, аталмыш құжат үстіміздегі жылдың қараша айында қабылдануы керек. Алайда, бұл қарардың қабылдануына АҚШ қарсы шығуы мүмкін. Палестиналықтар бұл сценариге де дайын екенін мәлімдеді. Яғни, Палестина Қауіпсіздік кеңесіне қажетті 9 дауысқа ие болуы керек.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)