Ғылыми "Дінтану" журналы жарық көреді
Ғылыми "Дінтану" журналы жарық көреді
9 жыл бұрын 3823

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚазҰУ Хабаршысы енді «Дінтану» сериясы бойынша ғылыми журналын жарыққа шығарады.

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының бастамасымен қолға алынған ҚазҰУ хабаршысының «Дінтану» сериясы – Қазақстанда алғаш рет дінтануды ғылыми зерттеу және академиялық оқыту нысаны ретінде зерттеуге бағытталған ғылыми-теориялық журнал болып табылады. Журналда дінтанудың барлық бағыттары қамтылып, өзекті мәселелері талқыланып, іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесі жарияланады деп жос­парланып отыр. Сонымен қоса, дінтану саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау үшін арнаулы мамандандырылған журналдың болуы, қазіргі жоғары білім берудің заманауи сұраныстарына жауап береді.

Басылымның редакциялық алқасының құрамы Қазақстан, Ұлыбритания, Канада, Түркия, Ресей дінтанушы ғалымдарынан жинақталған. Мазмұндық тұрғыдан алғанда, жарияланымдарды баспаға қабылдап, іріктеудің басты өлшемі ғылымилық және зайырлылық болмақ.

ҚазҰУ Хабаршысы «Дінтану» сериясының редакциялық алқасы дін мәселелеріне қызығушылық танытқан ғалымдар, оқытушылар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мамандарын, докторанттар мен магистранттарды бірлескен қызметке шақырып отыр. Басылымның ғылыми редакторы – философия ғылымдарының докторы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Н.Байтенова.

1 пікір
Мұрағат