Елімізде үш айдың ішінде 900-ге жуық нәресте көз жұмды
Елімізде үш айдың ішінде 900-ге жуық нәресте көз жұмды
9 жыл бұрын 3157

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айлар аралығында республика бойынша 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 850 (1 050) адамды құрады. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға азайған, деп хабарлайды AlmatyNews АА-нің тілшісі ҚР ҰЭМ-нің статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Осы кезеңде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 2014 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 11,31 промилледен 9,23 промиллеге дейін төмендеді. Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 ж. қаңтар-наурызда 447 (572) нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы өлімнің жалпы санының 52,6% (54,5%) құрады. Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 169 (195) немесе 19,9% (18,6%), тыныс органдары ауруларынан - 56 (90) немесе 6,6% (8,6%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 42 (45) немесе 4,9% (4,3%) адамды құрады», - делінген хабарламада. 

 

Бір жылда Қазақстан халқының саны 255 мың адамға артты

2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 476,1 мың адам, соның ішінде қалалықтар - 9 916,6 мың (56,7 пайыз), ауылдықтар - 7 559,6 мың адам (43,3 пайыз). Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарланды.  

Атап айтқанда, 2014 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда халық саны 255 мың адамға немесе 1,48 пайызға өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, биылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 92,1 мың бала, бұл 2014 жылғы қаңтар-наурыздағы жағдайға қарағанда 0,8 пайызға кем.

0 пікір
Мұрағат