Алматылық офтальмологтар шала туған нәрестелердің көз жанарын емдейтін лазерлік аппарат алды. Құрылғыға деген сұраныс жоғары. Өйткені, елімізде жыл сайын 20 мыңға жуық бала айы-күні жетпей өмірге келеді.
|
Елімізде жылына қанша мың бала шала туады? (видео)
|
Олардың 40%-ына ретинопатия диагнозы қойылады. Аурудың бұл түрі шала туған нәрестелерде ғана болады. Бұған дейін олардың басым бөлігі мүгедек болып қалатын. Енді лазерлік аппараттың арқасында балалардың жарық дүниені көру мүмкіндігі арта түседі. Қазақстанда осындай сегіз аппарат болса, оның екеуі Алматыда.
"Ескеретін жайт, диагноз қойылғаннан кейін 24-72 сағаттың ішінде емдеген ғана тиімді. Дер кезінде емдемесе, көздің ішкі тор қабығы қабаттанып, нәресте өмір бойы зағип болып қалады. Ең бастысы, диагнозды дұрыс қойып, ем-домды тез бастау керек" - дейді көз аурулары ҚазҒЗИ офтальмологы Әсел Шәріпова.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті