Бетінде татуировкасы бар азаматтар жаңа куәлік ала алмайды
Бетінде татуировкасы бар азаматтар жаңа куәлік ала алмайды
10 жыл бұрын 3309

Жаңа үлгідегі куәлікті алу үшін, фотоға түсу кезінде беттегі татуировканы опа-далаппен бояп тастау қажет болады, деп хабарлады Алматы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы бас филиалының баспасөз хатшысы Жаңыл Әлетова. Бұл жайында nur.kz сайты «Қазақпаратқа» сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

"Егер татуировка кететін болса, қас, ерін татуажы секілді, онда фотоға түсуге болады, егер кетпейтін болса, онда қайда барасың – солай фотоға түседі, бірақ көрнекі жерге салынған көркем татуировкаларды макияж секілді, сыртынан бояп тастап фотоға түсу қажет болады. Әйтпесе шекарада проблемалар туындауы мүмкін", - деді Жаңыл Әлетова сейсенбіде.

Сондай-ақ, жаңа үлгідегі куәлікке фотоға түсу кезінде пирсингі бар азаматтарға әшекейлерін шешуге тура келеді.

Бұл ретте, Жаңыл Әлетова нақтылап өткендей, аталған ережелерді ICAO (International Civil Aviation Organization) халықаралық конвенциясы қабылдаған, Қазақстан кіретін ұйым 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Сонымен қатар, ол азаматтардың бет-әлпетіне татуировка салдырмас бұрын тиісті органдарға ескертулері тиіс екенін атап өтті.

Одан басқа, куәлікке фотоға түсу үшін алқалар мен басқа да әшекей бұйымдарын киюге тыйым салынады, ал киім жағалы болуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат