Қадыров Париждегі Бейбітшілік маршына қатысты ойын айтты
Қадыров Париждегі Бейбітшілік маршына қатысты ойын айтты
9 жыл бұрын 4956

Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров Парижде өткен Бейбітшілік маршына қатысты пікірін білдірді. Бұл жайында nur.kz сайты Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Рамазан Қадыров инстаграм әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында, Парижде бірнеше мемлекет басшысының қатысуымен өткен лаңкестікті айыптауға қатысты Бейбітшілік маршын толықтай қолдайтынын, алайда олар қай лаңкестікті айыптап отырғанын, соны түсіне алар емесін жеткізді.

"Әлемде бүгінге дейін жасалып келген лаңкестікті көзге ілмеген мемлекет басшылары Парижге неліктен жинала қалды? Осы президенттер марш ұйымдастырғыш болса, Ауғанстанда, Сирияда, Мысырда, Ливияда, Йеменде, Иракта мыңдаған адам лаңкестердің қолынан қаза тапқандарды неге бір сәт болсын еске алмады?", - дейді ол.

Сонымен қатар Қыдров, Грозныйда үкімет үйіне шабуыл жасалғанда, Бесландағы мектепті, Грозныйдағы мектеп пен баспа үйін лаңкестер басып алғанда, соның салдарынан 50 бүлдіршін қаза тапқанда, Шешенстандағы стадион трибунасын содырлар жарып жіберіп, шешен жұрты ерікті түрде сайлап алған президент – марқұм Ахмад Қажы Қадыровқа қастандық жасалғанда осы басшысымақтар қайда болды, деп жазды.

Шешенстан президенті Париждегі оқиғаның мұсылмандарды қаралау мақсатында жасалған астыртын әрекет болуы әбден мүмкін дегенді айтады.

"Лаңкестікпен күрес мәселесіне мен сияқты жанын ауыртатын жан жоқ деп сенімді түрде айта аламын. Содырлармен күрес – менің өмірімнің мәні! Сол себепті Париждегі қарусыз жандарға шабуыл жасағандар ешқандай ақтауға лайық емес деп санаймын. Алайда, бұл оқиғаға қандай да бір ықпалды күштердің қатысы жоқ деп айта алмаймын. Бұл қоғамның исламға қарсы өшпенділігін ушықтырып, ғаламда шешілмей жатқан мәселені шешудің тағы бір қитұрқы әрекеті болуы әбден мүмкін", - дейді Шешенстан басшысы.

Оның айтуынша, кез келген оқиғаға мұсылмандарды айыптап, тықпалай берудің қажеті шамалы.

"Меніңше мұсылмандарды кез келген оқиғаға қатысы бар деп, жоқтан өзгеге қыстыра берудің қажеті жоқ. Мұсылмандар пайғамдарды мазақ етіп, суретін салып жатқан жоқ. Оны әжуалайтын фильм түсірген жоқ. Пайғамбарымызды мазақ етіп, дүйім мұсылман жұртын масқаралағандарға қатысты шара қолданбасақ, бұл мұсылмандардың қорыққаны емес, сабыр танытқаны деп түсінгені абзал. Қажет болса, біз де әлемде миллиондаған адамды ереуілге шығаруға шамамыз жетеді", - деп түйіндеді Қадыров.

2 пікір
  • Красавчик
    9 жыл бұрын
  • Шынайы исламға күйе жағылмас үшін жалған мұсылмандармен баршамыз күресуіміз керек. Ислам дінін жамылған әр-түрлі секталар, террористік ұйымдар - шын мұслымандардың қас жауы деп білемін. Пайғамбарымыз ондайлармен ешқашан бірге болмас еді.
    9 жыл бұрын
Мұрағат