Ақтау мешітінен ақша ұрланған сәт видеоға түсірілді
Ақтау мешітінен ақша ұрланған сәт видеоға түсірілді
9 жыл бұрын 4811

Ақтау мешітіне ұры түсіп, 60 мың теңге қолды болды, - деп хабарлайды Тumba.kz

Порталдың мәліметінше, мешітке ұрлыққа түскен күдіктіні полицейлер ұстап үлгерді. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, қаланың 26 ықшамауданында орналасқан мешітке белгісіз ер адам кешкілік уақытта барған. Мешітке кіріп-шығудың еш қиындық тудырмайтынын және мешіт қызметкерлері мен мешітке барушылардың оған көңіл аудармайтынын пайдаланған ол гардеробқа кіріп, сырт киімдердің қалтасын ақтарған.

"Күдікті гардеробта ілулі тұрған сырт киімдердің қалтасын тінтіп, телефон мен әмиянды қолды қылған. Әмиянда 60 000 теңге болыпты. Алайда мешіттің ішінде бейнебақылау камералары орнатылған, ұрлықшының барлық әрекеті сол камераға түсіп қалды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, мешітке рухани құндылық емес, ақша іздеп кірген ұрының 1997 жылғы азамат екені анықталды. Тергеу барысында оның бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Оған қатысты деректің барлығы бірыңғай сотқа дейінгі реестрге ҚР ҚК 188-бабы бойынша тіркелді. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

1 пікір
  • Бұл жас баланы соттамай дін жолындағы қызметкер ретінде тәрбиелесе мешіт имамы (әкімшілігі). Жаман әдетінен құтылуға көмектессе екен. Алла разы болсын!
    9 жыл бұрын
Мұрағат