«Жын мешіті»
«Жын мешіті»
9 жыл бұрын 11742

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының орталығы – Лакнау қаласында «Жын мешіті» деп аталатын ерекше құлшылық үйі бар. Мешіт қызметкері Наваба Гаухара Аги Сахиба Пир Бабаның айтуынша, мешіттің ішінде жын бар. Оның атауы сол себепті осылай алынған. «Бұл Алланың тағы бір жаратылысы – жын мешіті, ол мұсылмандарға тілекші», - деді ол «Hindustan Times» ақпарат көзіне берген сұхбатында. Бір сорақысы, мешіттің пошта жәшігіне жыннан көмек сұраған хаттар келеді. Мәселен, фермерлердің бірі жуырда жыннан жоғалып кеткен енекені тауып беруді, сондай-ақ, өзіне үй мен бір табын мал сұрап, хат жолдаған екен. Біздің айтарымыз, жындар да, әлбетте, Алланың жаратылысы әрі қасиетті Құранда бұл турасында айтылған. Десе де, олардан көмек сұрап, оларға сыйынуға Алла Тағала тыйым салған.

1 пікір
Мұрағат