Зейнетақы жинағын алу: жеке табыс салығы ұстала ма?
Зейнетақы жинағын алу: жеке табыс салығы ұстала ма?
10 ай бұрын 1541

Зейнетақы түріндегі зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі осындай кірістерден төлем көзінен ЖТС Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ұсталады.

Мемлекеттік Кірістер комитеті зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емделу ақысын төлеуге пайдаланған кезде жеке табыс салығын ұстап қалуға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Инвестициялық табысқа салық салынады ма? 

Шынында да, зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады.

Жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кірісті айқындау кезінде жеке тұлғаның кірісінен міндетті зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналары шегерілетінін ескеру қажет. Бұл дегеніміз, олар БЖЗҚ-ға аударылған кезде мұндай жарналарға ЖТС салынбайды.

Өз кезегінде, инвестициялық кірістер салық агенті төлейтін басқа да кірістер ретінде төлем көзінен ЖТС салынуға жатады. Бұл жағдайда БЖЗҚ салық агенті болып табылады (Салық кодексінің 321-бабының 17-тармақшасы, 353-бабының 5-тармағы енгізу туралы Заңның 33-бабында жазылған редакцияда).

Тиісінше, зейнетақы түріндегі зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі осындай кірістерден төлем көзінен ЖТС Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ұсталады. 

Басқаға беру кезінде зейнетақы алымдарына салық салына ма? 

Салық заңнамасында (Салық кодексі және Салық кодексін енгізу туралы Заңның 33-бабы) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі бар жеке табыс салығын (ЖТС) есептеуге, ұстап қалуға және төлеуге қатысты ережелер көзделген (тиісінше 353-1 және 351-1-баптар). Бұл ретте ЖТС бір мезгілде ұсталатын жағдайлар көзделген.

Сонымен бірге, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде алған жұмыстар мен қызметтерді қоса алғанда, оның ішінде сыйға тарту және мұрагерлік түрінде мүлік салық салынатын кірістен алып тастауға жатады (яғни, ЖТС салынбайды).

Бұл норма Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарына қолданылмайды (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 33- тармақшасы).

Тиісінше сыйға тарту арқылы берілген біржолғы зейнетақы жинақтары осындай сыйды қабылдаған жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен алып тасталады. Яғни, сый алушы жеке тұлғада ЖТС ұсталмайды.

Бұл ЖТС-ті осындай төлемді берген тұлға ғана төлейтінін білдіреді. 

Бұдан бұрын МКК-да ЖТС сомасын ұстап қалуды жеке тұлғаның таңдауы бойынша екі тәсілдің бірімен ЖТС ұстап қалу туралы өтініш негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) жүргізетіні хабарланған болатын:

1) бір рет – БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде;

2) БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.

Сізге бөтен адам несие рәсімдеп қойса, не істеу керек?

Егер коллектордан атыңызға несие рәсімделгенін білсеңіз, алдымен несие берген ұйымның атауын біліңіз.

Егер сіздің атыңызға бөтен адам несие рәсімдеп қойса, қайда жүгініп, қайда арыздануға болады?

«Егер коллектордан атыңызға несие рәсімделгенін білсеңіз, алдымен несие берген ұйымның атауын біліңіз. Мемлекеттік несие бюросына немесе Бірінші несие бюросына жеке несие есебін алуға өтініш беріңіз. Сондай-ақ, оны ЭЦҚ қолданып, электрондық үкімет порталынан алуға болады», — деп хабарлады Fingramota.kz.

Ары қарай несие ұйымына арыз жазып, несие алмағаныңызды хабарлау керек.

0 пікір
Мұрағат