Ұрымтал тұстан түсірілгенде... (Елбасы фото-суреті)
Ұрымтал тұстан түсірілгенде... (Елбасы фото-суреті)
7 жыл бұрын 6000

Армения президенті Серж саргсянның жеке фотографы Давид Акопян өзінің әйгілі фотосын Елбасыға тарту етуге дайын "Мен бұл суретті президент Назарбаевқа қуана сыйлар едім. Жеке өзіне. Жақын уақытта саммит аясында тағы бір шара өтеді, міне, сол кезде тарту етермін деп ойлаймын",- деді ол. "Меніңше, біздің басшылық бұған түсіністікпен қарайды. Бұл саясат емес, бұл бар болғаны шығармашылық туынды",- деді сөзін сабақтап. Ол бұл суреттің әлеуметтік желіде, соның ішінде, Армения мен Қазақстанда кеңінен танылып, жылы лебіздер көптеп білдірілді. Олардың дені қазақстандық жастар. Яғни, лебіз білдіргендердің 90 пайызы қазақстандықтар. Осылай дей келе ол бұл суретті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД елдері басшыларының кеңейтілген форматта өткен кездесу кезінде таспаға тартып алынғанын жеткізді. Әдейі түсірсең, бұлай сәтті шыға бермейтін сирек қадр:

Фото: facebook.com/davit.hakobyan.52

 

0 пікір
Мұрағат