Үйден емделіп жатқан науқастар дәрі-дәрмекті қалай тегін ала алады
Үйден емделіп жатқан науқастар дәрі-дәрмекті қалай тегін ала алады
4 жыл бұрын 2397

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов амбулаториялық деңгейде емделетін науқастарға қор атынан тегін берілетін дәр-дәрмектер туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сақтандыру қорының басшысы осы уақытқа дейін екі келісімге қол қойылғанын айтып, қор есебінен қанша қаражат бөлініп жатқанын жеткізді. Сақтандыру қорының тарапынан бір адамға 48 мың теңге көлемінде қаражат бөлінетіні белгілі болды.  

"Амбулаториялық деңгейде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қор бірыңғай дистрибюьтор "СК-Фармациямен" келісім жасалды. Биылғы 2020 жылға бұл келісім екі бағытта. Бірінші бағыт міндетті медициналық кепілдендірудің көлемі 96 миллиард теңге көлемінде. Екінші бағыт бойынша денсаулық сақтау министрлігімен келісілген алдын ала келісімдерге 24,9 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету аясында 2020 жылдың алты айы ішінде 6,9 млн рецепт келіп түсті, рецеп құнын өтеу үшін 57,5 млрд теңге төленді. Медициналық сақтандыру қорының аясында орта есеппен әр науқасқа 48 мың теңге жұмсалды", - дейді Төкежанов. 

Сонымен қатар, халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жағдайдың барлығы жасалғанын айтты. 

"Амбулаториялық деңгейде емделіп жатқан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету "СК-Фармация" арқылы жүзеге асырылып отыр. "СК-Фармация" өз тарапынан емханалармен келісім шартқа отыра алады. Қазіргі таңда барлығы 575 медициналық ұйым тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен айналысуда. Ересектер мен 18 жасқа дейінгі тегін дәрі-дәрмек алатын адамдар саны көбейтілді. Амбулаториялық деңгейде тегін алуға болатын дәрі-дәрмектер саны 50-ден 140-қа өсті", - дейді Төкежанов. 

Смартфонмен ҚАН ҚЫСЫМЫ, қандағы ОТТЕГІ мен ГЛЮКОЗА деңгейін өлшей аласыз

Барлық процесс смартфон камерасы арқылы жүргізіледі.

Пульсоксиметрдің орнына Смартфон. Телефон камерасымен қандағы оттегі деңгейін өлшеуге бола ма?

Қандағы оттегі деңгейін өлшеу медицинадағы маңызды процестің бірі. Ал оны өлшейтін «пульсоксиметрдің орнына смартфонды пайдалануға бола ма?» - деген сұрақ көптеген адамға қызықты болар. Адамдар неге мұны мүмкін деп ойлайды? Алдымен, пульсоксиметрге тоқталсақ. Ол саусаққа киіктіріліп, қан құрамындағы оттегі мөлшерін есептейді. Сондай-ақ, смартфонды да пульсоксиметр ретінде қолданып, қанның кислородпен қанығу деңгейін анықтауға болады. Бұл дамыған технологияның жемісі. Сонымен қатар, осы қызметті атқару үшін арнайы жасалып, ғылыми зерттеулермен бекітілген қосымшалар да бар (бірақ, ақылы). Олар науқастарды емдеуге арналған препараттардан кем түспейді. Алайда, бұл қосымшалар көрсеткен нәтижелер қалыпты жағдайдағы көрсеткіштермен сәйкес келгенімен, кейде қандағы оттегі төмендеп кеткенде дұрыс бағамдай алмай қалады. Ал бұл нәрсе денсаулыққа қауіп тудырады. Тағы да айта кетерлік нәрсе – смартфон камерасының көмегімен гипоксемияны анықтау мүмкін емес.

Смартфон арқылы қан қысымын өлшеуге бола ма?

Google Play және Apple Store ғаламтор дүкендерінде қан қысымын анықтау үшін пайдаланылатын қосымшалар бар. Олардың кейбіреулері "Фейк" немесе "әзіл" ретінде жасалған. Ондай бағдарламалардың барлығы ешқандай да қысымды өлшей алмайды! Әдетте, аталған қосымшалар екі түрге бөлінеді. Біріншісін – ішінде дым жоқ «ақымақ» қосымшалар, екіншісін – смартфон экранынан қан қысымен көрсететін, бірақ өлшеу-өлшемеуі екіталай қосымшшалар деп атасақ болады. Бірінші санаттағы қосымшаның ешқандай пайдасы жоқ болса, екінші санаттағы саусақты камераға түсіріп, қысымды өлшейтін кейбір қосымшаларды пайдаланатын бірлі-жарым адамдар бар. Негізі бұл әдіс смартфон камерасы арқылы қалыпты жағдайда қан құрамындағы оттегін өлшеуге жарамды. Бірақ, қан қысымын анықтау үшін мүлдем жарамайды! Одан бөлек, қан қысымын анықтайтын фитнес-білезіктер де ешқашан нақты ақпарат бере алмайтынын естен шығармаған абзал. Бүгінде тек «Omron» компаниясы шығарған жалғыз сенімді сағат тонометр бар. Бағасы шамамен 500 доллар тұратын гаджет смартфонға қарағанда әлдеқайда тиімді қызмет етеді.

Глюкометрдің орнына Смартфон: нашар дамыған елдерге арналған Accu-Chek қосымшасы Roche компаниясы шығарған SugarView бағдарламасы арнайы сынақ жолақтары мен смартфон камерасы арқылы қандағы глюкоза деңгейін анықтауға арналған құрылғы. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл бағдарлама тек 2 типті қант диабеті немесе преддиабет бар адамдарға арналып жасалған. Сарапшылар бұл жобаны нашар дамыған және экономикалық жағдайы тұрақсыз елдер қолдау үшін құрылған болуы мүмкін деп топшылайды. Яғни, глюкометрді сатып алуға материалдық мүмкіндігі жоқ науқастар үшін. Өйткені, қосымшаның құны төмен және қолжетімді. Оның үстіне Android смартфондар үшін ғана жасалған. Бұл қалай жұмыс істейді? Талдау жасау үшін қан тамшысын тест-жолаққа қойып, оны суретке түсіру керек. Камера түстерді таниды және қолданба шкала бойынша талдау жасайды. Жалпы, смартфон – үлкен өнертабыс, одан артық бағалаудың керегі жоқ. Денсаулықты бақылау тұрғысынан келсек, ол қарапайым зерттеулер үшін өте қолайлы құрылғы. Мысалы, қалыпты күйде жүрек қағысын есептеуге. Сондықтан, күрделі диагноз қоятын кезде телефонға үлкен сенім арту қателік.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы, ERNUR.KZ

0 пікір
Мұрағат