Тараз қаласына жаңа бас имам тағайындалды
Тараз қаласына жаңа бас имам тағайындалды
3 жыл бұрын 3083 turaninfo.kz/

Облыс бас имамы Тараз қаласының жаңа бас имамын таныстырды

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Тараз қаласының жаңа бас имамы Орынбасар Дәуренбековты қала имамдарына таныстырды, деп хабарлайды asyldin.kz сайты.

"Кеңесхан қажы" мешітінде өткен жиында Орынбасар Дәуренбеков қызметті абыроймен, бірлесіп, ауызбіршілікте атқаруға шақырып, нәтижелі іс-әрекет жасау жайында демеу сөз сөйледі.

Сонымен қатар шарада Облыс бас имамы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының "Ихсан" атты кітабын таныстырып, имамдаға таратып берді. 

Дайындаған: Ақерке БЕКҚҰЛОВА, 
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір
Мұрағат