Qatar Airways әлемнің барлық елдеріндегі дәрігерлерге 100 мың тегін билет таратпақ
Qatar Airways әлемнің барлық елдеріндегі дәрігерлерге 100 мың тегін билет таратпақ
4 жыл бұрын 2610

Бұл бірегей акция 12 мамыр күні басталып, 18 мамырда, Доха уақытымен сағат 23:59-да аяқталады. Бұл жайында ernur.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Qatar Airways әуе компаниясы COVID-19 пандемиясымен күрескен медицина қызметкерлеріне алғыс ретінде ұшаққа мінуге 100 000 тегін билет сыйлайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл бірегей акция 12 мамыр күні басталып, 18 мамырда, Доха уақытымен сағат 23:59-да аяқталады. Медициналық қызметкерлер qatarairways.com/ThankYouHeroes компаниясының сайтында тіркеліп, кезек тәртібінде берілетін промо-кодты алу үшін арнайы үлгіні толтыруы тиіс.

Билетті әлемнің кез келген елінде тұратын медициналық қызметкерлер алуға құқылы. Билетті алу әділ болу үшін әрбір ел 12-18 мамыр аралығында тұрғындар санына байланысты билеттердің белгілі бір санын алады. Промо-код алған медициналық қызметкерлер әуе компаниясы ұшатын кез келген нүктеге екі адам – өзі және серігіне барып-келуге мүмкіндік беретін эконом кластағы екі тегін билет ала алады.

Билеттер 26 мамырға дейін брондалуы тиіс, бұл ретте оларды 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат