Пирамидалар елінде қанша мешіт бар
Пирамидалар елінде қанша мешіт бар
5 жыл бұрын 2770 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр аумағында бүгінгі таңда 100 000-нан аса мешіт жұмыс істейді. Әйтсе де олардың барлығының сәулеті әртүрлі. Осыған байланысты мешіттердің дизайны аталмыш елдің дін істері жөніндегі министрлік мақұлдап, бекіткен бір үлгіге келтіріледі. Аталмыш министрліктің пәрменімен мешіт дизайнына қатысты арнайы "мысырлық кодекс" әзірленген. Мысырдағы мұсылмандардың құлшылық үйлерінің сәулет үлгісі байқау нәтижесі бойынша іріктеліп алынады. Әзірге аталмыш байқаудың өткізілетін мерзімі жарияланған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдымен ел астанасы - Каир қаласындағы мешіттерден бастамақ. Жаңа мешіттердің құрылысы да аталмыш министрлік қабылдаған сәулет үлгісі бойынша салынады. Бұдан бөлек, қайта күрделі жөндеуден өткізілетін немесе жетілдірілетін мешіттердің сәулеті де министрлік бекіткен үлгіден ауытқымауы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат