Пайғамбар сүннетімен өмір сүру – есекке мінуді білдірмейді
Пайғамбар сүннетімен өмір сүру – есекке мінуді білдірмейді
9 жыл бұрын 3193 muslim.kz

Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі, Ислам әлемінің ғұламаларының бірі Әли Жұма осындай ой айтты. Қазіргі уақытта кейбір мұсылмандар пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетін ұстану мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманымен өмір сүрудің айырмашылығын түсіне алмай келеді дейді Әли Жұма.

«Біздің кейбір бауырларымыз пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманындағыдай өмір сүргілері келеді. Бұл – қателік. Әр ғасырдың өз уақыты бар. Біз пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманымен емес, Оның (с.ғ.с.) бізге әкелген дінімен, оның сүннетіне сай өмір сүруіміз керек», – деген болатын ислам ғұламасы СВС телеканалының «Анығын Алла біледі» атты бағдарламасының эфирінде.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманындағыдай арпадан жасалған тағам тұтынып, қылыш ұстап майданға кіру деп ұғынып, ұшақпен ұшудан т.с.с. технологиялық жетістіктерден бас тартуды сорақылық деп санайтынын жеткізді ол. Сондай-ақ, ол шахмат пен музыка тыңдауды жоққа шығаратындармен келіспейтінін айтты. «Тыйым салатындар – өздеріне тыйым салсын, басқларына емес», – дейді ғұлама.

«Қандай бір затты немесе әрекетті теріс шығару тек жалпы түрде мақұлданған жағдайда (мысалға, спиртті ішімдіктерді қолдану) ғана болмақ. Ал, даулы мәселелерге біржақты көзқараспен шешім шығару теріс нәтижеге алып келуі мүмкін», – дейді ол.

 

0 пікір
Мұрағат