Туған күніңді отбасыңмен бірге тойламадың ба – саған айыппұл саламыз!
Туған күніңді отбасыңмен бірге тойламадың ба – саған айыппұл саламыз!
9 жыл бұрын 3666

Душанбеде сот шешімімен жергілікті тұрғын Әмірбек Исаевқа туған күнін дәмханада тойлағаны үшін айыппұл салынды.

Іс материалдарында  маусым айында Исаев өзінің достарымен бірге туған күнін қаладағы мейрамханалардың бірінде тойлағаны көрсетілген.

Кейін ол facebook әлеуметтік желісіне кештің суреттерін және өзін құттықтаған достарына деген алғысын жариялады.

Осылайша, ер адам заңның  «Дәстүрлер, мерейтой және әдет-ғұрыпты реттеу туралы» бабын бұзды. Оған сәйкес туған күнді жанұядан тыс тойлауға болмайды.

Өз кезегінде, Исаев сот мәлімдемесін жоққа шығарып, сол күні торт алу үшін дүкенге барғанын, кейін дәмханаға кіріп, достарын кездестіргенін, олардың бірде-бірі туған күнімен құттықтамағанын айтты. Мұны даяшы да растады.

Алайда сот бұған сенбей Исаевқа 4 мың сомони (шамамен 45 мың рубль) айыппұл салынды.  

0 пікір
Мұрағат