Мұсылман еліне доңыз етін танған министр Путиннің қандай реакциясын тудырды (видео)
Мұсылман еліне доңыз етін танған министр Путиннің қандай реакциясын тудырды (видео)
7 жыл бұрын 7317 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жуырда Ресей Федерациясының ауыл шаруашылық мәселесі жайында өткен үкімет жиынында баяндама жасаған РФ Ауыл шаруашылық министрі Александр Ткачевтің өрескел қателігі ел президенті Владимир Путиннің еріксіз күлкісін келтірген еді. Лауазымды шенеунік баяндамасында Германияның ет экспортын мысалға келтіріп, аталған елдің Азия елдеріне, соның ішінде, әлем бойынша мұсылмандар саны жағынан көш бастап тұрған Индонезияға доңыз етін экспорттағаны турасында айтып қалады. Осы тұста Путин баяндамашының сөзін бөліп, қателігін түзетеді. Министр "мақұл, онда Оңтүстік Корея" деп салады да артынша "қандай айырмашылығы бар?" дейді саспастан. Бұған Путин еріксіз күліп жібереді. Аты аталған шенеунік былтыр да отандық доңыз шаруашылығы жайында сөз қозғай келіп, Иранға доңыз етін экспорттау жайында айтып қалған еді. 

 

0 пікір
Мұрағат