Иран құрмасы
Иран құрмасы
3 жыл бұрын 3522 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Иран аумағында құрма біздің дәуірімізге дейін шамаман 4000 жылдары өсіріле бастады. Бүгінде аталған ел аумағында құрма ағашының 400 сорты өсіріледі. Бұл жайында islam.kz порталы Iranica энциклопедиясының дерегіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсы еліндегі құрма тарихының тамыры тереңде жатыр: әлемге әйгілі Дарий патша екі құрма палмасының ортасында бейнеленген;XII ғасырда Ибан әл-Балқи Парсының жағалауындағы аудандарында құрма палмасы терең шұңқырларды өсірілгенін жазыпты – қыс мезгілінде түсетін азғантай жауын-шашын суын жинау үшін.  Иран құрмасы еуропалық саяхатшыларының жазбаларында да кездеседі. Әлемге әйгілі Марко Поло (шамамен 1272 г.) Кермандағы, Йездегі және Ормуздағы құрма плантациялары туралы дерек келтірген екен. XVII ғасырда Жан Шарден есімді француз саяхатшысы парсы құрмасының араб құрмасына қарағанда тәтті келетінін жазған болатын, дәлірегі, ол Бендер-Аббас првинциясына қарасты Коқырстанның, Систанның, Парсы шығанағы жағалауындағы, соның ішінде Жеһромдағы құрманы мақтап жазады. Парсы құрмасының түрлі атауы бар: Тангстандағы құрма фасл, биік өскен көп жылдық құрма нақл, кездейсоқ дәнегінен өскенді пешк, т.б. деп атап кеткен. Иран ботанигі Ахмет Парсы бір ғана Макранда құрманың 84 атауы барын жазыпты. Бүгінде құрма ран ауыл шаруашылығының маңызды өнімі ретінде алға шығады. 1968 жылы Иран аумағындағыегістік алқабының 2%-на құрма ағаштары отырғызылған, ал одан түскен түсім 325 000 тоннаға жеткен. 1990-1991 жылдары 42 840 тоннасын экспортталса, оның 39 596 тоннасы Дубайға жөнелтілген. Бүгінгі таңда Иран аумағында құрманың 3000 сортының 400 сорты өсіріледі. Құрма иандықтардың аспаздығында кеңінен қолданылады, әсіресе, кондитерлік өнімдерде. Ал құрманың талшығынан арқан еседі, кілем тоқиды, күнқағар, желпуіш, түрлі кәрзеңкелер, қалпақ, т.б. тұрмыстық бұйымдар жасалады.Ал құрманың дәндерін ұсақтап, малға жем ретінде береді. Шөппен араластырып. Сау құрманы кесуге тыйым салынған, ал ауру меңдегендерінің немесе жеміс салып, өнім бермейтіндердің діңгегін құрылысқа пайдаланады. Свен Гедин (1865-1952) есімді швед саяхатшысының жазуынша, ауру немесе өнім бермейтін құрма ағаштары Мұхаррам айында ирандықтар аталп өтетін азалы күні кеседі. Яғни, кез келген күні емес, сол күнге дейін кеспей, сақтап қояды.

Iranian dates export | iranian raisins|iranian dates|iranian dried fruits|foofel

0 пікір
Мұрағат