Енді сізге ұшатын даяшы қызмет көрсетеді (видео)
Енді сізге ұшатын даяшы қызмет көрсетеді (видео)
5 жыл бұрын 2176 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Неміс инженерлері ұшатын табақ қызметін атқаратын дрон прототипін құрастырып шықты. TrayDrone деп аталатын өзгеше жоба жайында IEEE Spectrum дерек көзінен қысқаша баяндағанда: көптеген компаниялар мен зерттеу ұйымдары ұшқышсыз ұшатын аппаратпен шағын жүктерді межелі жеріне жеткізуді қолға алып жатыр. TrayDrone жобасын сызғандардың айтуынша, мультикоптерді, мысалы, ұшатын табақ ретінде ақылды үй жүйесінде пайдалануға болады. Германиядағы Штутгарттағы бұқаралық ақпарат құралдарының жоғары мектебінің өкілі Юрген Шейбл мен Дармштадт техниркалық университетінің қызметкері Маркус Функ бір келіге тартатын жүкті алып жүре алатын квадрокоптерді ойлап тапты. «Ұшатын табақтың» мүмкіндігін жыл сайын өтетін LivingKitchen жәомеңкесінде жұртшылықтың назарына ұсынды.

0 пікір
Мұрағат