Елбасы Жарлығымен Бас мүфти марапатталды (ФОТО)
Елбасы Жарлығымен Бас мүфти марапатталды (ФОТО)
9 жыл бұрын 3019

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Төсбелгіні ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ресми табыстады. «Бұл – бірлік пен ынтымақ, имандылық пен ізгілік үшін қызмет етіп жатқан имамдардың, Діни басқарманың қызметіне берілген баға деп қабылдаймын. Елімізде дінаралық, ұлтаралық бірлік нығая берсе, дініміз де өркендейді. Діни басқарма ізгілік жолындағы қызметін жалғастыра береді», – деді Бас мүфти Ержан Маямеров.

Министрдің ресми қабылдауында Астана және Қазақстан митрополиті Александр да осы медальмен марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше дін қайраткерлері имандылық, ынтымақ туралы пікір алмасты. 

muftyat.kz

1 пікір
  • Ержан қажы Малғажыұлын былтыр имамдардың білімін жетілдіру институтында сабақ берген кезде көрген едім. Сондай қарапайым кісі екен.
    Медалі құтты болсын. Еңбегі үшін екі дүниенің бахыты нәсіп етсін.
    9 жыл бұрын
Мұрағат