Азанның орнына даңғыра қағылатын "орыс мешіт"
Азанның орнына даңғыра қағылатын "орыс мешіт"
3 жыл бұрын 4031 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Малайзияда, дәлірегі, аталған елдің Трегану штаты аумағында сәулеті өзгеше, дәлірегі, «Әулие Василий» шіркеуін еске түсіретін мешіт бой көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы  өз кезегінде Iqna ақпарат көзіне жөн сілтеген  IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәскеу астанасының ең көрікті әрі көрнекі орындарының бірі – Қызыл алаңдағы 1555-1561 жылдар аралығында салынған «Әулие Василий» шіркеуі тек ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар, тереңде жатқан тарихымен де алыс-жақынға белгілі. Біз сөз етіп отырған Малайзиядағы Лапан Кубаһ мешіттің 8 күмбезі ресейлік ғибадатханадан айна-қатесіз көшірілгендей әсерде қалдырады. Аталмыш мешіттің жобасын осыдан шамамен 9 жыл бұрын парламент депутаты Датұқ Сері Ыдырыс Йсоқ сызған екен. Құрлысына жұмсалған 4 млн ринггит (малайлықтардың ұлттық валютасы) садақадан жиналған. Халық арасында «орыс» атанып кеткен Лапан Кубаһ мешітінде бір мезгілде 500 адам құлшылық ете алады. Бір қызығы күріш плантациясының қақ ортасында орын тепкен кенттегі бұл мешітте азан орнына даңғыра қағылады.

Храм Василия Блаженного на Красной площади

Ресейдегі әулие Василий ғибадатханасы 

0 пікір
Мұрағат