Альберт Эйнштейннің Құдай туралы соңғы толғамы белгілі болды
Альберт Эйнштейннің Құдай туралы соңғы толғамы белгілі болды
7 жыл бұрын 6776 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдік көне діндердің ошағы саналатын, қарт тарихтың өзі санасатын Құдыс қаласында әлемге әйгілі ғалымның әріптесі, яғни, Дэвид Бом есімді физик досына жолдаған хаты бәссаудада 200 мың долларға сатылып кетті. Альберт Эйнштейн бұл хатында әлемнің саяси картасында пайда болып, жаңадан құрылып жатқан Израил мемлекеті мен Құдай туралы пікірі жазылыпты. Шамамен 1951-1954 жылдар аралығында жазылған аталмыш хат Дэвид Бом жесірінің үйінен табылған екен. Хатты жазылған Эйнштейннің кеңесіне құлақ аспаған Бом 1955 жылы Бразиялядан Израилге қоныс аударған. Жә, бұл басқа тақырып. Біздің айтпағымыз - бұл хатында атақты ғалым не деген? Альберт Эйнштейін Израил туралы: "Израилде интеллектуалды өмір бар, алайда, мүмкіндіктер аясы өте тар. Алғашқы мүмкіндікті пайдаланып, мұнда келу - келешегі ьұлыңғыр шешім болмақ" депті. Ал соңғы хатында Құдай туралы: "Әлемді жаратқан Құдай бізге түсінікті болуына аса бас қатырмаған секілді" деп екіұдай пікір білдірген екен. Ғалымның бұл ойын 1954 жылдың ақпан айында жазған хатынан оқуға болады. 

0 пікір
Мұрағат