700 жылдық тарихы бар, жақұттан жасалған Құран ұрланды
700 жылдық тарихы бар, жақұттан жасалған Құран ұрланды
9 жыл бұрын 3134

Үндістанның Жайпур штатының орталығынан 160 шақрым қашық жатқан Раджастхан қаласында 700 жылдық тарихы бар, жақұттан жасалған қасиетті Құран данасы ұрланды. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты. 55 жастағы аталмыш қала тұрғыны Жайдеб Прасад Шарма бұл қасиетті кітаптың өзіне 2011 жылы тарту етілгенін жеткізді. Осы аптада, дәлірегі, сейсенбіде жұмыстағы танысы үйіне соғып, сөрелерде қаланған кітаптарды ақтарып көрген екен. Бұл кезде үй иесі аз уақытқа телефонмен сөйлесіп, мейманға назар аудармаған болатын. Жапа шегушінің айтуынша, оған танысы тапанша кезеп, мұсылмандардың қасиетті кітабын өзімен бірге ала кеткен. «Бұл ерекше Құран болатын. Оның  каллиграфиясы алтынмен апталып, Құран данасының өзі жақұтпен көмкерілген. Оны қызыма мұраға қалдыруды ойлаған едім», - деді ол.

 

«Әлемдегі жатқа оқылуы тиіс жалғыз кітап – Құран»

Үндістанның Бхаткал қаласында Jamiatul Huffaz ұйымдастыратын көзі нашар көретіндер үшін қасиетті Құранды оқу байқауы өтеді. Осынау шараға бас-көз болатын аталмыш ұйымның президенті Мәулана Нияматулла Аскри Надви (Maulana Niyamatullah Askeri Nadvi) жатқа оқылуы тиіс жалғыз кітап қасиетті Құран болуы керектігін айта келе әлем бойынша мыңдаған көзі нашар көретін адамның хафыз атанғанын жеткізді. Оларға қасиетті Құранды бастан-аяқ жадына тоқып, жатталуына көздерінің нашар көретіндері бөгет болған емес. Тек ниет болса, алынбайтын қамал жоқ. Бұл шара оларға рухани қолдау көрсету мақсатында өтеді. Сондай-ақ, бұл шара өсіп келе жатқан ұрпақтың қасиетті Құранды өмірлерінде басшылыққа алуы үшін дінді насихаттау мақсатында да ұйымдастырылып отыр. 

0 пікір
Мұрағат