Неке және отбасы: Саудиялықтардың 60%-ы генетикалық сәйкессіздіктен ажырасып жатыр
Неке және отбасы: Саудиялықтардың 60%-ы генетикалық сәйкессіздіктен ажырасып жатыр
9 жыл бұрын 3348

Сауд Арабиясында медициналық тексеруден өткен мыңдаған жұп денсаулықтарындағы айырмашылықтарына байланысты ажырасып жатыр. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Анализдеріне қараған 165 000-нан аса жұп неке қидыру ойларынан айнып қалған. Соның ішінде, генетикалық сәйкессііздікке байланысты үйлену мәселесінен бас тартқан. Айта кетейік, Сауд Арабиясында неке қидырғысы келетіндер міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі тиіс. Содан кейін ғана олардың үйлену мәселесі шешіледі. Бұл шара болашақ ұрпақтың қамын ойлаудан туған. Туыстық жағынан қаншалықты жақын екені осы тексеруде белгілі болады. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мұхаммед ас-Саидтың айтуынша, саудиялықтардың 60 пайыз жұбы анализ нәтижесінен кейін үйленуден бас тартқан. Белгілі болғандай, Сауд Арабиясында туыстық некеден генетикалық патология деңгейі тым жоғары, яғни, тұқым қуалайтын ауру түрлері кеңінен тараған.

 

Мұсылмандар жұбының некесін қиюдан бас тартты

Францияның Ницца қаласының билігі сот үкімі бойынша «радикалды көзқарасы бар» деп танылған мұсылман жұбының некесін қиюдан бас тартты. Бұл жайында IBTimes ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, 21 жастағы қалыңдық пен 28 жастағы оның болашақ күйеуі аталмыш шаһардың Азаматтық хал актілерін тіркеу органына үйлену жайында өтініш түсірген. Алайда, олардың өтініші қанағаттандырылған жоқ. «Мен азаматтық кодекстің 175-2 бабы бойынша прокурормен бірге бұл некене қарсылық білдірдім, өйткені, олардың одағының баянды болатынына сенібеймін»,- деген Ницца әкімі Кристиан Эстроси қалыңдықтың үстінен оның радикализмге қатысы бар деген шағым түскенін жеткізді. Жас жұбайлар қарсы талап-арыз түсіретіні немесе түсірмейтінін әзірге белгісіз.

0 пікір
Мұрағат