Израил сарбаздары түн жамылып, балаларды сұрақтың астына алуда (видео)
Израил сарбаздары түн жамылып, балаларды сұрақтың астына алуда (видео)
9 жыл бұрын 3116

Израилдің құқық қорғаушыларының B’Tselem тобы әлеуметтік желілерге басынан бақайшағына дейін қаруланып, бет-аузын тұмшалап алған Израил сарбаздарының түн жамылып, рейд жүргізгені, дәлірегі, палестиналықтардың үйіне баса-көктеп кіріп, балаларды оятып, сұрақтың астына алғаны туралы видеоны орналастырған екен. Бұл жайында The Electronic Intifada ақпарат көзі хабар таратты. 4 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды автоматтың дүмімен жасқап, сұрақтың астына алғаны құқық қорғаушыларды алаңдатып отыр. Израил сарбаздарының түнгі рейдті Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Хеврон қаласында жүргізгені белгілі болды. Бір түннің ішінде ондаған үйге баса-көктеп кіріп, балаларды мазалағаны да белгілі болды. Үкіметтік емес тәуелсіз «Халықаралық балаларды қорғау» ұйымының палестиналық бөлімінің мамандары келтірген дерекке қарағанда, Израил сарбаздары жыл сайын 50-ден 700-ге дейін палестиналық балаларды тұтқындайды.

0 пікір
Мұрағат